Жаңалықтар

Ақтөбеліктер Елбасы Жолдауын талқылады

Ақтөбеліктер Елбасы Жолдауын талқылады
16.10.2018 07:22 1815

Ақтөбе облысының Қазақстан халқы ассамблеясы республика бірыңғай күні аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын дөңгелек үстел басында талқылады.

Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Н. Барбосынов өз сөзінде: «Елбасы Н. Назарбаевтың әрбiр Жолдауы әрдайым тарихи құжат болып табылады, әрбiр қазақстандық үшiн аса маңызды, курстың қисынды жалғасы, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономикадағы iс-қимыл бағдарламасын жалпылама жасауға негіз болады», - деп мәлімдеді.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ профессоры Н. Абдоллаев өз баяндамасын оқыды. 40 жылдық тәжірибесі бар оқытушы ретінде профессор кворумның назарын Мұғалімнің мәртебесі туралы әзірленетін заңға аударды.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік қызметшілер, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қогамдық келісім» КММ мамандары, ЭМБ төрағалары, Ана кеңесінің, ғылыми-сараптамалық тобының өкілдері, ҚХА жаныңдағы медиаторлары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, ғылыми интеллигенция, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға