Жаңалықтар

Ақтөбедегі аты аңызға айналған №22 мектепте ұшқыш-ғарышкер Ю. Лончаковтың жеке партасы орнатылды

Ақтөбедегі аты аңызға айналған №22 мектепте ұшқыш-ғарышкер Ю. Лончаковтың жеке партасы орнатылды
18.04.2019 00:00 4687

Биыл 150 жылдығын тойлағалы жатқан Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде аты аңызға айналған №22 орта мектеп бар. Ол қаладағы 1923 жылдың желтоқсанында құрылған алғашқы кеңестік мектептердің бірі. 1941-1945 жылдардағы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде дәл осы мектепте Мәскеу қаласының қорғанысына  қатысқан 312–ші атқыштар дивизиясының штабы құрылған болатын.

Ғарышкерлер күні қарсаңында Ақтөбе облысының ҚХА жанындағы «Славяне» өңірлік орталығы №22 орта мектепте «Гагарин сабақтарын» өткізді. Оның барысында «Славяне» орталығының жетекшісі Владимир Гуменный оқушыларды ғарыш саласымен, сондай–ақ, ақтөбеліктердің осы салаға қосқан үлесімен таныстырды.

Дәл осы мектепте Ақтөбе қаласының мақтанышы, ғарышкер Юрий Лончаковтың жеке партасы орнатылды. Сонымен қатар ғарышкер өзі оқыған білім ордасына альма-матердің 100 жылдығына келуге уәде берді.

Бұл мектептің бірегейлігі – мұнда Кеңес Одағының батыры, ғарышкер Виктор Пацаев пен Ресей батыры, ұшқыш-ғарышкер Юрий Лончаков оқыған. В. Пацаев 1971 жылы түсірілетін аппараттың қонуы кезінде қайғылы қазаға ұшыраған, кейін Ақтөбе қаласындағы орталық  көшелердің біріне оның есімі беріліп, Батырдың мүсіні орнатылады.

Ал Ю. Лончаков қазіргі таңда Ресей Федерациясындағы Ю. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығының бастығы болып жұмыс істейді.

Ақтөбеде жас ұшқыштардың бірегей мектебі мен Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Ақтөбе әуе күштерінің әскери институты орналасқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға