Ақтөбеде қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырды
Қатты жел кезінде №2 мектеп шатырының бір бөлігі ұшып кетті.
20.07.2022 01:19
2384
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында қатты жел соғып, бірнеше әлеуметтік нысан мен үйдің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды El.kz.
Облыстық ТЖД кезекші - диспетчерлік пультіне Шалқар қаласындағы дауыл туралы ақпарат 19 шілде күні сағат 21:50-де түскен.
– Қатты жел кезінде №2 мектеп шатырының бір бөлігі ұшып кетті. Ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Сонымен бірге «Азамат» спорт кешенінің де шатыры зақымданды. Онда 50 шаршы метрі ұшып кетті. Сондай-ақ жеке үйдің шатыры бүлінді. Жергілікті атқарушы билік тарапынан 22 адам мен 5 техника жұмылдырылды,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде ұшқан жабындылар жиналды, ешкім зардап шеккен жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ЕGov mobile-да деректерді тіркеу жеңілдеді