Жаңалықтар

Ақтөбеде өзге ұлт өкілдері жастары арасында «Достық аруы-2019» байқауы өтті

Ақтөбеде өзге ұлт өкілдері жастары арасында «Достық аруы-2019» байқауы өтті
06.03.2019 12:56 3133

Ақтөбе облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабының ұйымдастыруымен, ҚХА хатшылығы және «Қоғамдық келісімнің» қолдауымен Халықаралық әйелдер күніне орай өзге ұлт өкілдері жастар арасындағы «Достық аруы-2019» облыстық байқауы өтті.

Байқауға 6 этномәдени бірлестіктің ару әрі талантты қыздары қатысты.

Байқау 5 кезеңнен тұрды: «Өзін-өзі таныстыру», «Тағам дайындау», «Таланттар шоқжұлдызы», «Дефиле», «Сұхбат».

Қатысушылар өз мәнісін ашып, өздерінің аспаздық шеберліктерін, әртістік қасиеттерін және сахнада ұстануын паш етті. Букина Полина, байқаудың ең жас қатысушы, «Алые паруса» жастар театрының әртісі: «Мен осы байқау арқұылы жақсы эмоция мен тәжірибе жинақтадым. Саған әріптестер қолдау көрсеткенде – қуанасын. Бұл адамды жұмысқа ынталандырады. Ал мына үлкен сахнада сен өз этномәдени бірлестігінің жұмысын көрсетесің, таныстырасың».

Әдемі кешті жастар ұйымдарының көшбасшылары бағалады. Әділқазылардың шешімі бойынша, «Мисс Достық аруы-2019» атағын «Оксана» украин этномәдени Қоғамдық бірлестігінің белсендісі Ирина Гнатюк иеленді.

«Мисс Элегантность» номинациясын Шурыгина Диана, «Возрождение» неміс этномәдени қоғамдық бірлестігі; «Мисс Грация» - Букина Полина, «Славяне» Ақтөбе өңірлік орталығы; «Приз зрительских симпатий» -Гончарова Ирина, «Возрождение» неміс этномәдени қоғамдық бірлестігі; «Мисс очарование» - Мырзабекова Айгерім, кәріс этномәдени қоғамдық бірлестігі; «Мисс талант»- Исхакова Розалия, «Шатлык» татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

 

АҚТӨБЕ: "ШЫҒЫС-БАТЫС" КӨЛІК ДӘЛІЗІ

АҚТӨБЕ МЕН ОРАЛДА «САРҚЫТ» АЙЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАР ӨТТІ

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «АҚ ОРАМАЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға