Ақтөбеде студентті бопсалаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
30.09.2022 13:38
1130
Ақтөбеде студентті бопсалаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 қыркүйекте полицияға Ақтөбе қаласындағы жоғарғы оқу орындарының бірінші курс студентінің ата-анасы жүгінді.
Әкесінің айтуынша, бейтаныс жігіт ұлына физикалық күш көрсетіп, бопсалап, оның атына ұялы қосымша арқылы 251 мың теңге несие рәсімдеген. Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 18 жастағы жігітті анықтап, ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабымен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, оған айыппұл салынады немесе ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кәсіптік білім беруді дамыту қалай жүзеге асып жатыр