Жаңалықтар

Ақтөбеде облыстық ҚХА-ның ХХІІI сессиясы өтті

Ақтөбеде облыстық ҚХА-ның ХХІІI сессиясы өтті
28.11.2019 15:36 2272

Ақтөбеде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Этносаралық татулықтан – жалпыұлттық бірлікке» атты ХХІІI сессия жиыны өтті.

Ақтөбеде облыстық ҚХА-ның ХХІІI сессиясы өтті

Жиында Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Ақтөбеде облыстық ҚХА-ның ХХІІI сессиясы өтті

Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қорғанбаева өңірлік ҚХА-ның 2019 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылап өтті. 

Ақтөбеде облыстық ҚХА-ның ХХІІI сессиясы өтті

Сондай - ақ, поляктардың  «Святло» Ақтөбе облыстық этномәдени бірлестігінің өкілі Надежда Степаненко, Еуропалық медиаторлар Ассоциациясының құрметті мүшесі, «Ақтөбе облысы медиаторлар Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Балпеисова, «Жаңғыру жолы» республикалық  жастар қозғалысының облыстық штаб төрағасының орынбасары Алданазар  Жаханов, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері қоғамдық келісім, ұлттық бірлік туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Ақтөбеде облыстық ҚХА-ның ХХІІI сессиясы өтті

«Қоғамдық келісім және ұлттық бірлік – Қазақстанның әлеуметтік игілігі мен өркендеуінің негізі. Ақтөбе облысында 90-нан астам түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып, мақтанар айнасы – этносаралық татуластық. Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді»,-деді Оңдасын Оразалин.

Ақтөбеде облыстық ҚХА-ның ХХІІI сессиясы өтті

Өңір басшысы  облыстағы ҚХА Алға, Темір, Әйтеке би аудандарының ардагерлер, аналар, қоғамдық келісім Кеңестерінің, этномәдени мүшелерін, жалпы 7 азаматты  алғыс хатпен марапаттап, Ақтөбе облыстық ҚХА ресми мүшелігіне өткен  4 азаматқа  куәлік табыстады.

Ақтөбеде облыстық ҚХА-ның ХХІІI сессиясы өтті

Жиынның ресми бөлімінен соң,  ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығының ашылуына арналған «Елбасы – Ассамблея тарихы: бейбітшілік пен келісімнің шежіресі» атты концерттік  бағдарламамен жалғасты.

Ақтөбеде облыстық ҚХА-ның ХХІІI сессиясы өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға