Жаңалықтар

Ақтөбе жастары шахмат ойынынан жарысты

Ақтөбе жастары шахмат ойынынан жарысты
30.04.2019 00:00 3546

Ақтөбеде Жастар жылына орай шахматтан жарыс өтті.

Шахмат – бірегей білім беру құралы. Шахматтың көптеген елдердің мектеп бағдарламасына енгізілуі кездейсоқ емес. Шахматта ойнау математикалық қабілетті, логиканы, стратегиялық жоспарлау құру дағдыларын, төзімділікті, жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

«Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы 2019 жылғы «Жол картасы» аясында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілері және Ақтөбе қаласы мектептерінің оқушылары арасында 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігінің мерексі күніне арналған шахмат турнирін өткізді.

Турнирдің мақсаты – мектеп жасындағы балалар арасында салауатты өмір салтын және шахмат спорт түрін насихаттау, жас дарындарға қолдау көрсету, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру.

Турнирге елуден астам жас шахматшылар қатысты.

Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратының салтанатты залында біршама жастар ежелгі ойынға жиналды.

«Шахмат – ақыл-ой қызметінің дамуына және балалар денсаулығын нығайтуға ықпал ететін адамзаттың ұлы өнертабысы. Ғасырлар бойы шахмат, бұқаралық спорт түрлерінің бірі ретінде, халықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етіп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы ежелгі үнді ойынының турнирін қайта жандандырып, ұлттардың басын біріктіріп, халықтар достығын нығайта түскені – қуантарлық жайт» дейді, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, педагогика магистрі, турнирдің бас төрешісі Октябрь Бекмағанбетов.

Ойын қорытындысында жеңімпаздар түрлі дәрежелі дипломдармен марапатталып, жалпы қатысушыларға сертификаттар  табысталды.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға