Ақтөбе облысында неміс мәдениетінің онкүндігі өтті
Ақтөбе облысында «Неміс күзі – 2018» онкүндігі аясында Мартук және Хромтау аудандарының немістерімен кездесулер өтті.
Онда «Возрождение» Ақтөбе облысы немістерінің қоғамы қызметі туралы тұсаукесерлер, неміс асханасының аспаздық шеберлік сыныптары, күздің сыйы «Herbstkranz» ең үздік гүл шоқтары отбасылық байқауы өтті.
Ақтөбе қаласының № 11 орта мектебінің негізінде «Неміс тілін білім беру мекемелеріне қайтару: проблемалар, фактілер және перспективалар» диалогтық алаңы ұйымдастырылды. Оған облыстың білім беру басқармасының мамандары, университет оқытушылары мен студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, «Denk mal!» жексенбілік мектеп оқушылары мен ата-аналар қатысты.
Осы жерде «Die Flugel der Liebe» мюзиклінің қойылымы өтті.
халықаралық және республикалық байқулар мен фестивальдердің лауреаттары, Ақтөбе облысының танымал шығармашылық өкілдері және «Veilhen» неміс хор ұжымы қатысқан мерекелік концертпен Онкүндік шымылдығы жабылды.
Айта кетерлігі, алдағы уақытта Қасиетті Мартин күніне орай мерекелік іс-шара, тілдік викторинамен Хобда ауданына іссапар жоспарлануда және Тараз қаласына неміс театр студиясының фестиваліне бару жоспарлануда.
«Возрождение» Ақтөбе облысы немістерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Смолинец Инга Николаевна өзінің сөйлеген сөзінде айтып өткендей, «Ақтөбе облысындағы неміс диаспорасы аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және ғылыми дамуына елеулі үлес қосып келеді. Неміс қауымдастығы толерантты қоғам құруға белсенді қатысады.
Ақтөбе облысының «Возрождение» немістер қоғамы аймақта тұратын немістердің мәдениеті, тілі және ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту жолындағы жалпы мақсаттарға жету үшін азаматтарды біріктіру нәтижесінде құрылған коммерциялық емес ұйым.
Бүгінгі таңда аймақта 6 700-ден астам неміс тұрады. Олардың 43%-ы Ақтөбеде, ал 15%-дан астамы Мартук ауданында тұрады.