Ақтөбе мен Түркістан облысында үсік жүреді
Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді
04.10.2022 20:01
1183
5 қазанда Қазақстанның екі облысында үсік жүреді, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.
Түнде солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында 2 градус аяз болады.
Түркістан облысының солтүстігі мен батысында дауыл соғады. Түнде таулы аймақтарда, күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20, таулы асуларда екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус аяз болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ахмет есімі Парижде ұлықталды