АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдады
100 сенатордың 95-і аталған екі елдің НАТО-ға қосылуын жақтап дауыс берді
Фото: reuters.com
Фото: reuters.com
04.08.2022 10:00
1164
АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы өтінімдерін қабылдайтын қарарды қабылдады, деп хабарлайды El.kz nbcnews сайтына сілтеме жасап.
100 сенатордың 95-і аталған екі елдің НАТО-ға қосылуын жақтап дауыс берді, тек біреуі қарсы болды. Келісімді алу үшін 67 дауыс жеткілікті.
Енді НАТО-ға мүше барлық 30 ел өтінімдерді қабылдауы керек. Содан кейін ғана Финляндия мен Швеция мүшелікке толыққанды өте алады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтауда «Tartyl fest» спорттық фестивалі өтті