АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады
Қазақстандағы АҚШ елшісінің міндетін атқарушы Джуди Куо отандастарымызды астана күнімен құттықтады
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz
06.07.2022 13:01
2039
Қазақстандағы АҚШ елшісінің міндетін атқарушы Джуди Куо отандастарымызды астана күнімен құттықтап, қаладағы сүйікті орындарын көрсетті, — деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Елші міндетін атқарушы Джуди Куо «Happy Capital Day» деп құттықтай отырып, 1 минуттық видеоролик ұсынады.
Онда Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше нысаны көрініс тапқан. Атап айтқанда, «Бәйтерек» монументі, «Астана балет» театры, «Кенесары» ескерткіші, Есіл өзенінің жағалауы, мешіт, «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы және «Атырау көпірі» көрсетілген.
Ролик Қазақстандағы АҚШ елшілігінің әлеуметтік желісінде жарияланды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Құрбан айтта Алматының орталық мешітінде спартакиада өтеді
Келесі жаңалық
Елена Пак: Қамқор қазақ еліне аталарым үшін де алғыс айтамын