Жаңалықтар

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2 мыңнан аса бала дүниеге келді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2 мыңнан аса бала дүниеге келді
Фото: egemen.kz 14.09.2022 14:51 1658

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2 мыңнан аса бала дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы еліміздегі отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық білдіріп, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына арналған квотаны 7 рет, яғни 7000-ға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын.

 Бағдарлама бойынша 2025 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған. 2021 жылдың нәтижесі бойынша 7000 әйел көмекші репродуктивті технология қызметін пайдаланды. Нәтижесінде 3218 әйел жүктілік бойынша есепке алынып, 2212 бала дүниеге келді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға