Жаңалықтар

Ақмола облысының үздік жанұяларын анықтайтын аймақтық байқаудың іріктеу кезеңі басталды

Ақмола облысының үздік жанұяларын анықтайтын аймақтық байқаудың іріктеу кезеңі басталды
02.08.2019 09:41 5153

Ақмола облысының Атбасар ауданында отбасылар арасында облыстық байқаудың іріктеу кезеңі өтті. Оған Атбасар және Жақсы аудандарының жанұялары қатысты.

Ақмола облысының үздік жанұяларын анықтайтын аймақтық байқаудың іріктеу кезеңі басталды

Іс-шараны Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қолдауымен «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы ұйымдастырды. Аталмыш жоба Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының «Асыл мұра» отбасы құндылықтары орталығын ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында іске асырылды.

Ақмола облысының үздік жанұяларын анықтайтын аймақтық байқаудың іріктеу кезеңі басталды

Байқауды ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлерін көпшілікке танымал ету, отбасы құндылықтарын насихаттау және отансүйгіштік сезімін дамыту.

Қатысушылар өздерінің жанұясын таныстырып, «Сәлем беру», «Бата», «Шашу», «Күй тартыс», «Түре айтыс», «Қонақ кәде» сияқты қазақ халық дәстүрлерін таныстырып, ән мен би өнерінен сайысқа түсті. Қорытынды кезең «Отбасы бақытының құпиялары» байқауы деп аталды. Әр жанұя әділқазылардың сұрақтарына жауап бере отырып, олар сан түрлі жағдайдан шығу жолдарын қалай тауып жүргені, балаларын тәрбиелеу кезінде қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін ұстанатыны туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Ақмола облысының үздік жанұяларын анықтайтын аймақтық байқаудың іріктеу кезеңі басталды

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова осындай іс-шаралар отбасы рөлінің артуына, жастар бойында ұлттық салт-дәстүрлерге деген қызығушылықты оятуға жағдай жасайтынын атап өтті. Ол байқау жүлдегерлері - Атбасар ауданының Әлпейісовтар мен Жақсы ауданынан келген Нұржановтар жанұясына естелік сыйлықтар табыстады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға