Ақмола облысындағы Новомарковка ауылының атауы өзгереді
Қаулы 22 қыркүйекке дейін ашық талқылауға шығарылған
Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz
09.09.2022 18:32
2280
Ерейментау ауданындағы Новомарковка ауылының атауы Майлан болып өзгертілмек. Ақмола облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі «Ашық» НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды El.kz
«Ақмола облысы Ерейментау ауданының Новомарковка ауылы Майлан ауылы деп аталсын. Бұл шешім Ақмола облысындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендерді қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында жасалып отыр», - делінген бірлескен шешім шығарылған құжатта.
Қаулы 22 қыркүйекке дейін ашық талқылауға шығарылған. Кейін елді мекен атауын өзгерту шешімі күшіне енеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Халықаралық әскери медицина комитетіне бақылаушы болды
Келесі жаңалық
Наурызнама онкүндігі: Жаңаөзен тұрғындары ағаш отырғызды