Жаңалықтар

Ақмола облысында «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты акциясының 3-ші кезеңі аяқталды

Ақмола облысында «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты акциясының 3-ші кезеңі аяқталды
18.07.2018 06:28 1882

9-16 шілде аралығында Ақмола облысыны ҚХА-ның «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясының 3-ші кезеңі өтті. «Жаңғыру жолы» ЖҚ облыстық штабының мүшелері Біржан сал, Бұланды, Бурабай аудандарының киелі орындарына барды. Атап айтсақ Біржан сал ауданында орналасқан Қоғам ауылындағы Шаймерден Қосшығұлов атындағы мұражайда, Степняк қаласындағы Біржан сал зираты мемориалдық кешенінде,Бұланды ауданындағы Балуан Шолақ зиратының  культтік кешенінде, Қарасай, Ағынтай батырлардың мемориалды кешенінде, Айғаным, Ботай киелі қоныстарында экспедиция жүргізді.

Аталған акция Елбасымен бастама жасалып қазақстандықтардың бай мәдени мұрасын және шығармашылық әлеуетін нығайтуға бағытталған «Рухани жаңғыру» ұлттық сананы рухани жаңғырту мен жаңартудың ұлттық идеясын іске асыруда нақтылы қадам болды. 

17 шілдеде Айыртау ауданындағы Айғаным қонысында Ақмола облысының «Жаңғыру жолы» ЖҚ штабының мүшелері келесі эстафета кезеңін, оның символикасы болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының туын және фотоальбомын Солтүстік Қазақстан облысының «Жаңғыру жолы» ЖҚ штабының белсенділеріне табыстады. Сонымен қатар естелік сый ретінде «Қазақтың батырлық жырлары» үш томдық кітабын тарту етті.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға