Жаңалықтар

Ақмола облысында Қазақстан бойынша Ассамблеяның алғаш футбол командасы құрылды

Ақмола облысында Қазақстан бойынша Ассамблеяның алғаш футбол командасы құрылды
05.12.2018 11:32 1729

Ақмола облысы Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясы барысында «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Умар Шоназаров облыс әкімі Мәлік Мырзалинге Қазақстанда алғаш құрылған Ассамблея футбол командасының капитаны болуды ұсынды.

«Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының  ХХVI сессиясында берген тапсырмаларын орындау бойынша, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі туралы» тақырыбындағы баяндамасында облыс әкімі Мәлік Мырзалин Мемлекет басшысының берген тапсырмалары негізіндегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін келтіріп, 100-ден астам этнос өкілі өмір сүретін, 53 этномәдени бірлестік тіркелген Ақмола облысының еліміздегі ең полиэтникалық аймақ саналатынын атап өтті.

Сонымен қатар өңір басшысы өз сөзінде «Қазақтану» және «Мың бала» жобалырын жүзеге асыру, жалпыұлттық диктант пен республикалық «Шаңырақ» байқауына қатысу, Аналар кеңесінің, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің, медиация институтының жұмыстарына, сонымен қатар облыстық ассамблеяның басқа құрылымдары атқаратын қызмет бағыттарына тоқталды.

Жиын барысында Есіл ауданы, Заречный ауылдық округінің әкімі Наталья Милюктің («Адам – мемлекеттің басты байлығы»), Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қуаныш Шақшақовтың («Төл тарихымыздың тереңдігін ұғу»), Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің директоры Галина Бичунның («Колледж ассамблеясы мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру құралы ретінде»), Зеренді ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Рақымжанованың («Тілім мен дәстүрім қазағымның тірегі»), «Санги-Кабуд тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Умар Шоназаровтың («Санги-Кабуд тәжік ұлттық-мәдени орталығының алғашқы жетістіктері»), «Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының басшысы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы облыстық штабының мүшесі Индира Нуралиеваның («Бейбітшілік және келісім шаңырағының астында») баяндамалары да өте ауқымды әрі қызықты болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға