Жаңалықтар

Ақмола облыстық ҚХА Кеңес Одағы Батырының жұбайын «қамқорлыққа» алу туралы шешім қабылдады

Ақмола облыстық ҚХА Кеңес Одағы Батырының жұбайын «қамқорлыққа» алу туралы шешім қабылдады
17.01.2019 04:29 1963

Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңес Одағы Батырының жұбайына «сарқытпен» қонаққа барып, қал-жағдайын біліп қана қоймай, «қамқорлыққа» алуға шешім қабылдады.

Жалпыұлттық «Қайырымдылық керуені» шарасының «Сарқыт» акциясын іске асыруға ақмола өңірінің барлық этномәдени бірлестіктері белсенді атсалысуда. 

Науқас балалар мен ересектердің, аз қамтылған отбасынан шыққан жас жерлестердің, көпбалалы отбасы мүшелерінің көздеріндегі қуаныш ұшқыны, «тәтті» сыйлықтар, ойыншықтар мен киімдер, ал ең бастысы ыстық ықылас пен ерекше назар үшін айтқан алғыстары – акция белсенділерінің әрбірі үшін ең үлкен марапат.

 «Қайырымдылық керуені» шарасының қатысушылары бұл жолы Кеңес Одағының Батыры Андрей Остапенконың жесір әйелі Мария Остапенкоға барып қайтты.

Атқыштар дивизиясының автоматшысы Андрей Остапенкоға Батыр атағы Ұлы Отан соғысы жылдары Украин фронтында Оңтүстік Буг өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі, батылдығы мен тапқырлығы үшін берілгені мәлім.

Мария Остапенкоға арналған азық-түлік қоржыны бар «Сарқытты» Экиджи Фатих бастаған «Қазақ-түрік мәдениеті мен достығын дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері «әзірледі».

Мария Александровнаның айтуынша, оның жұбайы Андрей Николаевич өте қарапайым, өзіне ерекше назар аударуды талап етпейтін адам болған. Қала көшелерінің біріне оның есімі берілгені мәлім.

 «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов Кеңес Одағы Батырының жесір әйеліне «қамқорлық» танытуға шешім қабылдап, осы ретте «Қайырымдылық керуені» аясында іс-шаралар жоспарын құрып та үлгерді. Ағымдығы жылдың ақпан айында өтетін «Сыбаға», наурызда орын алатын «Шашу» айлықтарында Мария Александровнаның үйіне өз сыйлықтарымен қоғамдық бірлестік, ЭМБ, «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері келетін болады. Сәуір айында жүргізілетін «Асар» барысында  - жылу беру және су құбырларының жөндеуін, ескірген жиһаздарды жаңартуды талап ететін зейнеткердің пәтерін жаңарту жұмыстарын өткізу жоспарланған. Мамыр айындағы «Қамқор» айлығында шараға бірлестіктің жастар қанатының өкілдері қосылып, қазақстандық батыр Андрей Остапенконың соғыста көрсеткен ерліктері мен соғыстан кейінгі жылдардағы қызмет жолын Көкшетау қаласының білім беру орындарында кеңінен насихаттау, қалалық зираттағы марқұмның бейітіне күтім жасау және А. Остапенко атындағы көшеде ескерткіш тақта орнату жұмыстары жасалатын болады.

нымен қатар Мария Александровнамен көзбе-көз әңгімеселу барысында, көп жылдар бойы ұқыпты сақталып келе жатқан,  оның даңқты жұбайы туралы құнды құжаттардың көшірмелерін облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Ақмола мемлекеттік мұрағатына тапсыру мәселесі де шешілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға