Жаңалықтар

Ақмола облыстық ҚХА «Көкшетау – менің туған өлкем» танымдық жобасын іске асыруда

Ақмола облыстық ҚХА «Көкшетау – менің туған өлкем» танымдық жобасын іске асыруда
17.07.2019 11:11 6983

Көкшетау қаласының 195-жылдығына орай Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Көкшетау – менің туған өлкем» жобасын іске асыруда. Оның аясында балалар мен жастар үшін Көкшетау қаласы бойынша экскурсиялар көзделген.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараның негізгі мақсаты – туған өлкеге деген отансүйгіштік пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

DSC_0252.JPG

Нақтырақ айтқанда, 4 шілдеде Достық үйінің хореография ұжымдарының және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері үшін Көкшетау қаласы бойынша алғашқы таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Ол Достық үйіне барудан басталып, онда экскурсия қатысушыларына өңірде тұрып жатқан барлық этностың салт-дәстүрлерімен, мәдениеті мен халық шығармашылығымен жақын танысуға мүмкіндік берілді. Экскурсия қатысушылары Көкшетау қаласының тарихымен, сәулет ескерткіштері және көрнекі жерлермен таныс болды.

Ақмола облыстық ҚХА «Көкшетау – менің туған өлкем» танымдық жобасын іске асыруда

Ары қарай олар есімі белгілі Абылай хан ескерткішіне, содан кейін Ұлы Отан соғысының мемориалына және Абай көшесіндегі ту тұғырға барды.

Экскурсия Бұқпа баурайында аяқталды. Осы жерден Қопа көлін жағалай алып жатқан қаланың ұмытылмас көркін тамашалауға болады. Мұндағы көріністе Науан Хазірет атындағы ақ мешіт, Достық үйі ғимараты және салынып жатқан христиан шіркеуі бар.

Ақмола облыстық Ассамблеясы Көкшетау қаласы бойынша экскурсияларға қатысу үшін жасөспірімдерді (9-18 жас аралығындағы) шақырады. Анақтама телефоны - 72-28-59.

Ақмола облыстық ҚХА «Көкшетау – менің туған өлкем» танымдық жобасын іске асыруда

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға