Жаңалықтар

Ақмола облыстық ҚХА Арыс қаласына 7 млн. теңгенің көмегін көрсетті

Ақмола облыстық ҚХА Арыс қаласына 7 млн. теңгенің көмегін көрсетті
15.07.2019 15:41 4471

Арыс қаласындағы апат ешкімді де бей-жай қалдырмады. Осы мазасыз күндерде елдің әр шетінен көмек келіп, барша қазақстандық бірге уайым кешті.

Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына  ерікті түрде қаражат және бірінші қажеттіліктегі тауарлар жинау бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырып өткізді. Оған Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер активі, бизнес құрылымдар өкілдері белсене ат салысты.

101.jpeg

Барлық қайырымдылық іс-шарасы барысында жалпы 6,8 млн теңгеге қаржылық және гуманитарлық көмек көрсетілді, оның ішінде «Бастау Ақмола» қоғамдық қорына 4,2 млн теңге ақшалай аударылса, 2,6 млн теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді.

Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де орналасқан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмекті қабылдау пунктіне қала тұрғындары, бизнес құрылымдар киім-кешек, аяқ киім, азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарларды жинастырып, өткізді.  

Жиналған барлық гуманитарлық көмек «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы арқылы Арыс қаласына толықтай жеткізіліп, қалған бөлігі «Самұрық» балалар сауықтыру орталығына Арыстан келген балаларға тапсырылды.

Ал Атбасар және Сандықтау аудандарының «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталықтары» Арыс қаласына 2 млн. тенңгенің 20 тонна ұнын жіберді.

фото.jpg

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға