Жаңалықтар

Ақберен ЕЛГЕЗЕК: "Қатты қиналған сәттерiмде ұлып-ұлып алатыным бар"

Ақберен ЕЛГЕЗЕК, «Қазақ әдебиетiн қолдау қорының» президентi, ақын:
12.08.2014 09:19 6606

Ақберен ЕЛГЕЗЕК, «Қазақ әдебиетiн қолдау қорының» президентi, ақын:

Ақберен ЕЛГЕЗЕК: "Қатты қиналған сәттерiмде ұлып-ұлып алатыным бар"

Жастар поэзиясы туралы əңгiме бола қалса, Сiздiң атыңыз жиi айтылады. Бiрақ, аты шулы мүшəйраларға қатысып, жүлделi орындарға ие болғаныңызды көрмеппiз. Азын-аулақ жүлдесiн мiсе тұтпайсыз ба, əлде жеңiлiп қалудан қорқасыз ба?

– Екi рет қатысқаным бар. Екеуiнде де үшiншi орын алдым. Өкiндiм. Орын үшiн емес. Тəңiрден түскен дүниелердi қорлағаным үшiн өкiндiм. Сосын көптеген мүшəйралар арнайы тақырып ұсынады. Ал, мен белгiлi бiр тақырыптарға жаза алмайтыным бар. Мысалы, жақында ұлттық спорт түрлерiне арналған мүшəйра өтiптi. Сонда мен қатысуым үшiн «Аударыспақ», «Арқан тарту» сияқты өлеңдер жазуым керек екен. Кешiрiңiз, менiң ұстанымыма келмейтiн нəрсе екен бұл. Биiк поэзия – мүшəйралар үшiн жазылмайды. Нағыз поэзияны жарысқа салудың өзi орынсыз. Базбiреулер мүшəйралар жас ақындар үшiн жасалып жатқан қамқорлық деп лепiрiп жатады. Бiрақ, жас ақындар, өкiнiшке қарай, «ынталандыру» сыйлығынан ары аса алмай жүр. Негiзгi жүлделi орындарды жағдайы түзелген сақа ақындар алады. Ол ешкiмге құпия емес. Мен екi мүшəйрадан алған ақшалай сыйлығымды жүлдесiз қайтқан жiгiттерге та-ратып бергем. Себебi, мен «мүшəйрист» ақын емеспiн. Тек буындас қаламгерлермен қауқылдасып, ойнап-күлiп, ел көру үшiн барған едiм.

Поэзияны адам демалу үшiн, жанға лəззат табу үшiн, өмiрге деген құлшынысты арттыру үшiн оқиды. Ал Сiзде көтерiңкi көңiл-күй сыйлайтын өлеңдер тапшы... Осы тұрғыда не айта аласыз...

– Мен оқырманның сұранысын зерттеп жазбаймын. Ғарыштағы ақпараттық өрiстен маған тиесiлi ойларды қағаз бетiне көшiрем де қоям. Шынымды айтсам, көңiл көтерiп, қуанатын сəттерiм аз. Неге екенiмдi бiлмеймiн. Оған аса қайғыра да қоймаймын. Себебi поэзия мұңына етiм үйренiп кеткен. Бұл – менiң өмiрiм.

Сосын нағыз ақын Көкте. Бiз – ақынбыз деп жүргендер соның күбiрi мен сыбырын пенделер пəниiне жеткiзушi делдал ғанамыз. Ал ол қандай өлең түсiредi, немен азаптайды Өзi бiледi.

Көп өлеңдерiңiзде Тəңiрi мен көк бөрiнiң тотемi жиi қолданылады. Тiптi бiр кездесуде «Мен Тəңiршiлмiн» деп айтып қалыпсыз. Зиялы қауымның тəңiршiлдiктi ұстануы халықтың адасуына апарып соғады деп ойла-майсыз ба?

– «Тəңiршiлмiн» деп айтып қалсам, ол менiң Құдайшылығым. Көк түрiктiң Тəңiрi исламның, болмаса христиан Құдайынан еш айырмашылығы жоқ. Ол ғарышты жəне бiз бiле бермейтiн параллельдi əлемдердi жаратушы Ұлы Рух њəм Ол жалғыз! Жəне Жаратушыға Сiз қай дiнде, қай тiлде жалбарынсаңыз да бəрiбiр. Мəселе, қай дiнде болуыңда емес, мəселе жүрегiңде иманың болуда. Көк түрiктiң ата дiнi – Тəңiршiлдiк монотеистiк дiн. Сондықтан да көшпелiлер ислам дiнiн жатырқамай қабылдаған. Ал көк бөрiге келсек, ол менi қолдап жүрген көкжалдың аруағы. Ол мен қиналған кезiмде түсiме кiредi, адами тiлде сөйлеседi менiмен. Кеңес бередi, кейде қорқытады. Бiрақ мен оған сиынып, пiр тұтпаймын. Əр адамның iшiнде екiншi жан иесi өмiр сүредi. Менiң iшiмде көк бөрiнiң рухы бар. Кейде қатты қиналған сəттерiмде ұлып-ұлып алатыным бар. Шерiм тарқап, кəдiмгiдей жеңiлдеп қалам. Жай нəрсе емес сияқты...

Ендi əңгiменi «Қазақ əдебиетiн қолдау қоры» маңайында өрбiтсек.. Қорды құру идеясы қайдан келдi?

– Аспаннан! Қорды құру қызыл сөзден шаршаған бiздiң буынның қоғамға үн қатқысы келгендiктен туған идея. Өздерiңiзге белгiлi, қор жанынан «Кентавр» газетi жарық көрдi. Бұл жоба алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. Ең бастысы, қазақтың жоғы мен барын түгендеп, тасқа басу. Сосын қазақтың талғамын көтеру. Қазiр «əдебиет жоқ», «бiттiк», «құрыдық» деген сөздер көп айтылады. Аталмыш қоғамдық қор мен «Кентавр» сол бос байбаламға жауап ретiнде құрылыпты деп айта жүрiңiз. Биыл қордың атқаратын жұмысы мен жоспарлары көп. Оны уақыты келген кезде естiп-бiлiп жатарсыздар.

Отбасыңыз бар ма?

– Тəңiрге тəуба, бiр əйелiм (күледi), Муза атты кiшкентай қызым бар.

Шығармашылығыңызда қандай жаңалық бар?

– «Көлеңкелер күбiрi» атты кiтабымның қолжазбасы дайын тұр. Мəдениет жəне ақпарат министрлiгiне өткiзiп тастадық. Əзiрше хабар жоқ. Шығатын шығар.

Сұхбатыңызға рақмет

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға