А.Байтұрсыновтың "Тіл – құрал" оқулығы туралы
Тіл – құрал.Оқулық негізінен, үш жылдыққа арналып, əр жылғы сыныптарға жеке-жеке жазылған құрал. Бірінші тіл танытқыш кітап:Дыбыс жүйесі мен түрлері (1914), екіншісі: Сөздің жүйесі мен түрлері (1914-1915), үшіншісі: Сөйлем жүйесіментүрлері (1923). Барлығыда Орынбордажарықкөрген. Əдіскер ұстаз осы оқулықты не себепті үш жылға бөлінгенін түсіндіре отырып, бірінші жылы оқытылатын «Тіл – құрал» тіл білімінің негізі болғандықтан оқытушылардың алғашқы жылы нық үйретулері керектігін ескертеді. Бірінші кітапта əріптер, буындар, əріптер туралы ережелер, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалары оқытылса, жеткілікті екенін айтады. Дүниедегі жұрт тілінің негізі үшке: Түбіршек, жалғамалы, қопармалы бо- лып бөлінетіні, ал қазақ тілінің қай топқа жататынын əрі оның негізгі ережелерін түсіндіріп береді. Сонымен қатар, оқулықта қолданылуға тиісті əдіс-тəсілдердің қандай жолмен оқытылуы керектігін ұғынықты етіп түсіндіреді. Оқулықтың тақырыбы күрделеніп, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту тəсілі саты- лана қолданылып кітаптың екінші, үшінші жалғасы жазыла- ды. Жалпы, ағартушының бала оқытудағы əдістемелік мұрасы туралы 1995 жылы тілші ғалым А.Қыдыршаев ғылыми зерт- теу еңбегінде əдіскердің еңбектерінің жазылу тарихы, əліппе мен оқулықтарының əдістемелік негізі, жалпы сипаттамасы жөнінде сараптамалық талдаулар жасады. Зерттеуші еңбегінде «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту əдістемесі ілімінің іргетасын қалаушы» екендігін ғылыми тұрғыдан дəлелдеп шығып, ағартушының əдістемелік мұрасының бүгінгі оқыту ісімен сабақтастығын, тұлға мұрасының өміршеңдігін жазды. Шындығында, осы «Тіл – құрал» кітабының бірінші бөлімі – 7 рет, екіншісі – 8 рет, үшіншісі – 6 рет басылған.
«Əліп-би. Жаңа құрал». Əліппе Қызылорда баспахана- сынан 1926 жылы бұрынғы «Оқу құралы. Қазақша алифбаға» жалғасты құрал ретінде қайта жазылған. Кітап 14 жылдан соң қайта өңделіп, 1926 жылы басылып шыққан. 1926 жəне 1928 жылғы басылымдар арасында аса көп айырмашылық жоқ. Алғашқы басылым 116 бет, кейінгі басылым 114 бет. 1927 жылғы екінші басылымның түпнұсқасы табылған жоқ. 1928 жылғы оқулық ішкі мұқабасында 3-нші рет басылғандығы айтылады. Ұлттық кітапхананың Сирек қорлар бөліміндегі тіркемеде осы оқулықтың 1924, 1926, 1927 жылдары жарық көргендігі туралы картотекалық ақпар бар. 1926 жəне 1928 жылғы басылымдарды салыстырғанда өзгерістер байқалмады. 1928 жылғы нұсқа 1992 жылғы «Тіл тағылымы» атты жинаққа енді. 1992 жылғы басылымда қажетті суреттер берілмеген, кесте ішінде бос орында қандай сурет болатындығы туралы айтылады да төте жазудың сол жағына кирилше жа- зылуын беріп отырады. Мəселен, 1926 жылғы нұсқада əр тақырыпқа керекті суреттердің барлығы дерлік түгел беріл- ген. Жəне осы суреттер арқылы сабақ оқытуда баланың ұғымына тез қонымды болатынын негізге алған əдіскер-ұстаз кейінгі басылымда да суреттердің көрнекті болғанын назарда ұстаған. 1992 жылғы басылымда суреттер құрастырылмаған, түпнұсқадағы 32 беттегі «Кім табады?» деген айдарша- мен берілетін топтамалы 9 суреттің тақырыптық орны,
«Тіл тағылымы» жинағында 54 бетке ауысып кеткендіктен суреттің төменгі жағында берілген шешу шарты: «Мұның да істеу реті алдыңғыша» деген түсіндірмелік, шындығынды «түсініксіздеу» болып тұр. Кемшіліктер төте жазуды қазіргі əріпке түсіргенде де кездеседі. Мысалы, «сүгірет-сурет, қарып-əріп, қадымше-қадымша, бүтін-бөтен» т.б. сөздер өзгеріске ұшыраған. Осы түпнұсқа 1998 жылы ғалымның 125 жылдық мерейтойына орай, əрi соңғы басылымның жетпiс жылдығына арналып, «Рауан» баспасынан 1000 таралыммен жарық көрді. Бұл жинақтың ерекшелiгi – сол тұстағы жазу емлесi қаз-қалпында сақталып, беттің төменгі жағына қазiргi жазуға түсірілген нұсқасы берілген. Төте жазудан көшiрiп, ре- дакциясын басқарған Ұлықман Асылов. Бұл кітаптың бүгінгі оқушыға берер зор көмегі сол – ғасыр басындағы ұлт зия- лылары қолданған жазуды дөп басып, нақ тануға мүмкіндік береді. Жəне төте жазуды игергісі келген оқырманға бірден бір көмекші құрал іспетті. Бұл кітаптың 1926 жылғы басы- лымнан шартты баспа табақ жағынан айырмашылығы жоқ. Екеуі де 114 бетпен аяқталады. Тек кейбір сөздер, 7-бетте: «мұғалімдерден-мұғалымдардан, жанастырыб-жамастырыб, жүзіндегі-жөніндегі»; 9-бетте: «үйретуге де екеуіне бірдей» деген сөз тіркесі «үйрету келесі беттен басталу ке- рек» деп; 11 бетте: «қарыптарын-əріптерін» тағы басқа да өзгерістерді кездеседі.
А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"