А.Байтұрсынұлы Григорий Потанин туралы
Н.Потанин Қызылжар ойазындағы Сібірдің атты казагының баласы. Әкесі казак-орыстың жүз басысы Байан ауыл аймағындағы Сүйіндікті билеп тұрған.![А.Байтұрсынұлы Григорий Потанин туралы А.Байтұрсынұлы Григорий Потанин туралы](/upload/storage_el/media/images/tiny_images/acf9108cfb3fb1e57c3f4dab2f854086.jpg)
Г.Н.Потанин Қызылжар ойазындағы Сібірдің атты казагының баласы. Әкесі казак-орыстың жүз басысы Байан ауыл аймағындағы Сүйіндікті билеп тұрған. Сол уақытта казак-орыстың Иамышепскайа қазақша аты Тұз қала4 дейтін қаласында 21-нші сентиабірде 1835-нші жылы Г.Н.Потанин туған.Бала туған соң 3 ай өткенде әкесі Қызылжар ойазына көшкен. Бекетке келсе, құндақтағы бала шанадан түсіп қапты. «Мен туған соң 3 айда дүние кезбек болып шанадан түсіп қалып, жоғалып табылған, дүниені кезіп білуді сонан бастадым» деп, Г.Н. күлетін.Г.Н. Омбыда кадетский корпусте Уәлиқан ұлы Шоқанмен бірге оқыған. Шоқанмен дос болған. Қырық жыл қоймай қуып жүріп 1904-нші жылы Шоқанның екі кітабын бастырды.Корпусты бітірген соң 1955-нші жылы казак-орыстың бастығы болып Жетісу барған, Алматыны Г.Н. салдырған. 1859- ншы жылы П.П.Семенов-Тианшанский атанған, Түркістанға барып, жер суын оқып қайтып келе жатып, Омбыда Г.Н.-пен Шоқанға жолығып сөйлеседі, екі жас оппитсердің өзгеше екенін сезеді. Сендер мұнда жүріп, айақ асты болмаңдар, Петербор барып университеттен оқу оқыңдар деп, Г.Н. пен Шоқанға ақыл береді.Екі жас Петербор барып университетке түседі. Г.Н. мұнда жүріп ботаниканы – жерге шығатын шөп, ағаш, білімі, әр жұрттың әдебиеті, тұрмысы, жер білімінің жолын әдемілеп із- деніп жақсы білген.1863-нші жылы Қытай мен Ресейдің шегін шектеген комиссианың ағзасы болып жүріп, қазақша жазу үйреніп, қазақтың Алтайдағы түрік жұртының әдебиетімен салыстырып адам баласының тариқы жолында көп мағыналы іс шығарған.«Восточные мотивы в средневековым европейском эпосе» деген кітабында күнбатыстың әдебиетіне қор болған, үлгі болған күншығыстың ауыз айтып жүрген ертегі, жыр, мақал, өлеңі деп келеді.4 Тұз қаладан бұрын салынған Ертісте қала жоқ. Бұл жер бұрын қазақ пен жоңғордың айырбас қылатын жері екен.
«Қозы-Көрпеш – Байанды» Байан мақаббат жолында өзін құрбан қылған. Мұны шығарған жұрт мақаббатты сынай, бағалай біледі. Мұндай жұрттың қатыны келешекте ұл тауып тұр, бәйгеден келіп тұр. Қазақ жұрты келешекте кіммен болса да қатар отыруға ұйалмайды» дейтін Г.Н.
Г.Н.-тың қысқаша адамшылық мінезін жазайын. Өзінің көп өмірінде (Г.Н. 1920-ншы жылы жазды күні Томда дүниеден қайтты) бір адамның көңілін ауыртып бір ауыр сөз айтпаған, өскен қыз мінезді десек мақтаған болмайды. 1904-нші жылы ауғыста Томда Г.Н.-тың үйінде отыр едім, 10-12 жаста екі қыз кіріп келіп: «Біз гиназиаға түстік, бізге енді оқуға төлейтін ақша керек, кітап, қағаз, қалам-қарындаш, қыздардың киімі ке- рек» деді Г.Н.-ға. «Жарайды бәрі-бәрі болады, ертең сағат 10-да келіңдер, керектеріңнің бәрін сатып алайық» деді Г.Н. Қыздар қуанып лақтай ойнап, секіріп шығып кетті. Г.Н.-тан «бұлар кім?» деп сұрадым. «Кім екенін өзім де білмеймін» деді күліп. Биыл жазғытұры екеуі келіп: «Біз оқу оқиық дейміз, бірақ, әке-шешеміз кедей. Біз сізден ақша-көмек сұрай келдік» деді.
«Олай болса жарайды, мен сендерді оқытайын, күз сендер гимназиаға түсіңдер, онан әрі тағы көрерміз» дедім. Сонымен жаздай екі баланы оқытып едім, енді бұлар гимназиаға түсіпті, осы» деп күлді Г.Н.
1915-нші жылы Г.Н. 80 жасқа толды. Г.Н. атына бағыштап шәкірттері кітап басты. Соған қосылып қазақтың өлеңін, жы- рын, мақалын біздің қазақ жастары да баспақ болды. Мына «Ер Сайын» мұның басындағы Ақыметтің «Г.Н.-ға тартуы сонда басылмақ болған еді.
«Күншығыс баспасы» баспақ болып отырған Баржақсыұлы Ақымет жиған «Мың бір мақал» да Г.Н.-ға қалап басылмақ еді.
Қыр баласы
А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)