Жаңалықтар

Ағаш материалдарын шетелге шығаруға тыйым салынды

Фото: atameken.kz
Ағаш материалдарын шетелге шығаруға тыйым салынды
09.06.2022 11:03 2448

8 маусымнан бастап елімізден ағаш материалдарының жекелеген түрлерін шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Аталған тыйым отандық ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және ағаш өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында енгізілген.

«Шектеу 2022 жылғы 8 маусымда күшіне енген «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 322 бұйрығымен енгізілген. Аталған бұйрық алты ай қолданыста болады және ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге тыйым салады», делінген ведомтсво таратқан хабарламада.

Осыған дейін қолданыста болған «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 611 бұйрығымен ел аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу 2021 жылғы 7 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 7 маусымды қоса алғанда қолданылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға