«Ақ жол» партиясының кезектен тыс ХIII съезi өтті
Бүгiн Астанада «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының кезектен тыс ХIII съезi өтті.
Партияның бүгiнгi съезiнде «Ақ жол» ҚДП алдағы кезектен тыс парламент Мәжiлiсi мен барлық деңгейдегi мәслихат сайлауына қатысатыны туралы шешiм қабылдап, партияның «Ақ жол – еңбектенер кез келдi» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партия Жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, партияның ревизиялық комиссиясы бюджеттiң орындалуы туралы есеп бердi.
– Өздеріңізге мәлім, Парламент Мәжілісінің V шақырылымында жұмыс істеген барлық фракциялардың ұсынысы бойынша Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 20 наурызында Мәжіліс және жергілікті мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады, – деді «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев. – Партиялық фракциялардың бұл бастамасына түрткі болған себептерді біз 13 қаңтардағы жалпы брифингте баяндаған болатынбыз. Оның үстіне біздің фракция мүшелерінің барлығы дерлік осы мәселе жөніндегі өз ұстанымдарын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде бірнеше рет білдірген. Бұл шешімнің фракцияның да, Партияның Президиумының да отырыстарында қолдау тапқанын атап өту керек. Президиум мерзімінен бұрын сайлау өткізуді қолдап, тиісті Мәлімдеме қабылдады.
Азат Перуашев қазіргі жағдайға беріліп отырған баға Президиум мүшелерінің аталған отырыстың қорытындысымен шығарған ортақ ұстанымы болып табылатынын айта келе: «Президиум маған Мәжіліс және жергілікті мәслихаттардың депутаттарының кезектен тыс сайлауына «Ақ жол» демократиялық партиясының қатысуы туралы съездің ресми шешім қабылдауына ұсыным беруді тапсырды, соның негізінде мен тиісті ұсыныс енгізіп отырмын», - деді.
«Ақ жол» демократиялық партиясының «Ақ жол – еңбектенер кез келдi» атты сайлауалды бағдарламасы 10 негiзгi бөлiмнен тұрады. Бағдарлама бизнестi қорғау және кәсiпкерлiк саласы, нарықтық реформалар және экономика, бiлiм мен денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсiптiк кешен, рухани-мәдени сала, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сот-құқықтық реформа мен қауiпсiздiк саласын қамтыған.
75 делегат қатысқан «Ақ жол» партиясының бүгiнгi съезiнде партия бағдарламасы мен жаңа мiндеттердi жүзеге асыру туралы баяндалды. Сонымен бірге, бүгiн ҚР парламентi Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмi жарияланды.
«Ақ жол» партиясы Мәжiлiс сайлауына 35 кандидат ұсынды:
1. Азамат Әбілтаев – Құрылыс материалдарын өндірушілер одағының Президенті, ҚР Парламент мәжілісінің V шақырылымының депутаты;
2. Кеңес Абсатиров – БҚО Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры;
3. Қайрат Айтбай – Тараз металлургия зауыты басқарама төрағасының орынбасары;
4. Руслан Арынғазин – «Павлодарский трубопрокатный зауыты» ЖШС Директоры;
5. Әсет Атабаев — “Kazakhstan Petrochemical Industries” LLP Басқарушы директоры, Астана.
6. Ерлан Барлыбаев – «Экибастузэлектросеть» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары;
7. Дмитрий Васильев – «КазАвтобусПром» бірлескен кәсіпорнының Бас директоры, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы;
8. Жанар Жандосова — «Сандж» сараптама орталығының директоры;
9. Жаңбырбай Доспаев — «Султан» ЖШС Бас директоры, Маңғыстау аймақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры.
10. Берік Дүйсембинов – «Ақ жол» ҚДП орталық Кеңесінің Хатшысы;
11. Талғат Ерғалиев – Қазақстан құрылысшылар Одағының Президенті, ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты;
12. Серік Ерубаев — «А«Атырау Констракшн Сервисез ЛТД» ЖШС Бас директоры.
13. Дания Еспаева — «КазКоммерц Банк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры;
14. Нұрлан Жазылбеков — Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;
15. Махаббат Жұтаев – «Ақ жол» ҚДП Қостанай облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер;
16. Қазыбек Иса – «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, “Қазақ үні” ЖШС президенті, ақын;
17. Светлана Қадырәлиева — ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты;
18. Меруерт Қазбекова — Қазақстан әйел кәсіпкерлері одағының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты;
19. Қайырбек Кемеңгер – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті;
20. Евгений Кинцель — «Закон и право» ЖШС директоры, «Ақ жол» ҚДП СҚО –ндағы қоғамдық қабылдаудың басшысы;
21. Азиз Қожамбетов – кәсіпкер, Қызылорда;
22. Андрей Линник — ««Форпост» ЖШС бас директоры, «Ақ жол» ҚДП партиялық комиссиясының төрағасы;
23. Хаджимурат Льянов — «Горно – обогатительный комбинат «Төрт Құдық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
24. Лилия Мерғалиева — М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік университеті экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі, профессор;
25. Болат Момышев — «Фабрика ПОШ – Тараз» ЖШС директоры, «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облысық филиалының төрағасы
26. Екатерина Никитинская – ҚР қаржы және салық кеңесі палатасының төрағасы, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты;
27. Бөріхан Нұрмұхамедов – Ұлттық зерттеулер институтының директоры, Алматы;
28. Анарбек Орман — «Водные ресурсы – Маркетинг» ЖШС бас директоры,«Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, «Ақ жол» ҚДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы;
29.Азат Перуашев – партия төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты;
30. Мақсат Раманқұлов – «Mabex» ЖШС бас директоры, Астана;
31. Асқар Смағұлов – «Акмолинский вагоноремонтный завод» АҚ Директоры, «Ақ жол» ҚДП Астана қалалық филиалы төрағасы
32. Әбдіразақ Сұлтанов – «Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің Хатшысы;
33. Серікбай Ташенов — «BI-group» ЖШ жоба жетекшісі, Астана;
34. Олжас Тоқтаров — «Астана» банкі директорлар кеңесінің төрағасы;
35. Алмас Тұртаев — ҚР Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты.
Осы орайда съезд барысында делегаттар бірауыздан партияның сайлауға қатысуы туралы шешімін қолдады.
Әзірлеген Айша КЕРЕЙ