Жаңалықтар

Ақ жарқын-жан анам (Тәрбие сағаты)

Ақ жарқын-жан анам
02.03.2016 05:59 20507

Ақ жарқын-жан анам (Тәрбие сағаты)

Ақ жарқын-жан анам

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ақ жарқын – жан анам»


Мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.


І. Дайындық кезеңі
1. Аналарға арнап сыйлықтар әзірлеу 2. Аналарды шақыру 3. Қабырға газетін шығару, құттықтау, суреттер 4. Үздік шығармалар көрмесі
ІІ. Негізгі бөлім
Аналар мен қонақтар төрден орын алады. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі./ музыка сәл ғана естіліп тұрады/
Әке - өмірдің берік тірегі болса, ана - ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын - ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана»деген сөздің қуаты дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала - ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар. «Ақ жарқын - жан анам»атты сынып сағатын ашық деп жариялаймын.
/музыка әуенімен сыныпқа қолдарында гүлдері бар оқушылар билеп кіреді, гүлдерін аналарына тарту етеді/

Асылхан: Қуанышы баланың - Тахмина: Қуанышы ананың Қуанышы ананың. Қуанышы баланың
Асылхан: Бізді өсірген апатай, Тахмина: Құтты болсын, апатай, Еңбегіңіз зор екен. Құтты болсын мерекең. Хор: Аяулы анашым әні
/Аналарға арналған өлеңдер оқылады/

1 - оқушы:
Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.
2 - оқушы
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.
3 - оқушы
Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылға.
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.
4 - оқушы
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың
5 - оқушы
Сегізінші наурызда,

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға