Еңбек ері атағын алған ауыл шаруалары
Попов Владимир Александрович 1912 жылы Краснодар өлкесі, Гулькевичин ауданы Гирей станциясында туған. Еңбек жолын 1932 жылы Краснодар өлкесінде Первомай селекциялықтәжірибе стансасында агрономдықтан бастаған. Содан кейін Ставрополь өлкесінің әр түрлі шаруашылықтарында агроном болып істеді. 1952-1954 жылдары Ставрополь өлкесінде «Коммунар» кеңшары директорының орынбасары. 1954 жылдың наурызында тың және тыңайған жерді игеру үшін Солтүстік Қазақстан облысына келіп 1955 жылға дейін Тимирязев ауданындағы «Ишим» кеңшарында аға агроном қызметін атқарды. 19551957 жылдары «Докучаев» кеңшарының директоры, 19571961 жылдары «Дзержинский» кеңшарының бас агрономы, 1961 1973 жылдары Булаев ауданындағы «Чистов» кеңшарының бас агрономы болып істеді.
1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Владимир Александрович Поповқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сонымен қатар ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. «Қазақ КСРіне еңбегі сіңген агроном» атағының иегері.
Попов Владимир Иванович 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленин (қазіргі Есіл) ауданының Покровка селосында туды. 1953 жылы Вильямс атындағы МТСте токарьдің үйренушісі болып еңбек ете бастады. 1955 жылдан 1961 жылға дейін осы МТС пен «Интернационал» МТС де комбайнер болып істеді. 1961 жылдан бері «Белов» кеңшарының комбайнері.
1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Владимир Иванович Поповқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Прыгункова Елизавета Сергеевна 1929 жылы Брянск облысындағы Бежицы қаласында туған. 1964 жылдың сәуірінен 1974 жылдың шілдесінде дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы «Мичурин» кеңшарында сауыншы болып істеген.
1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Елизавета Сергеевна Прыгунковаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Росинский Дмитрий Афанасьевич 1927 жылы Одесса облысы Песчан ауданындағы Горбино селосында туған. Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязев атындағы МТСта тракторшы болып істеді. 1950-1956 жылдары тракторлық, 1957 жылдан тракторегіс бригадасын кейін Ленин (қазіргі Есіл) ауданындағы «Заречный» кеңшарының комплексті бригадасын басқарды.
1973 жылы 10 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Дмитрий Афанасьевич Росинскийге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сонымен қатар «Қазақ КСРіне еңбегі сіңген механизатор» құрметті атақтың иегері.
Самойленко Василий Афанасьевич 1911 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Октябрь ауданының Дмитриевка селосында туды. 1930 жылдан «Новый быт» ауыл шаруашылық артелінің колхозшысы. 1932 жылдан 1941 жылға дейін Коновалов МТСде комбайнер болып істеді. 1941-1942 жылдары Ұлы Отан соғысы майдандарында шайқасты. 1942 жылдан 1957 жылға дейін Коновалов МТСде трактор бригадасының бригадирі болып істеді. 1957 жылдан Тимирязев ауданындағы «Степной» кеңшарының комбайнері.
1966 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Василий Афанасьевич Самойленкоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Самсонов Алексей Тихонович 1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданындағы Петровка селосында туған.
Еңбек жолын 1941 жылы комбайнердің көмекшілігінен бастады, 1945 жылдан комбайнер болып істеді. 1954-1957 жылдары Преснов ауданындағы «Организованный труд» ұжымшар бригадирінің көмекшісі. Ал 1957 жылдан «Благовещенский» кеңшарының № 2 бөлімшесінің комбайнері болып істеді.
1967 жылы Ленин орденімен, 1971 жылы Октябрь революциясы орденімен марапатталған. 1972 жылы 13 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Алексей Тихонович Самсоновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.