Жаңалықтар

ASTANA MEDIA WEEK – Көзқарас

ASTANA MEDIA WEEK - 2018  форумы 
 ASTANA MEDIA WEEK – Көзқарас
28.09.2018 11:56 7118

Еліміздің барлық өңірлеріндегі және бірқатар шетел медиа нарығындағы өкілдердің басын қосқан ASTANA MEDIA WEEK форумы биыл екінші мәрте өтіп отыр. 26-28 қыркүйек аралығында Қазмедиа орталығында  телевизия мен баспа саласындағы әріптестерімізден бөлек ондаған продакшн-студиялар, блогерлер мен вайнерлердің басы тоқайласып, осы саладағы түйіткілді  мәселелерді ортаға салып, бір-бірімен тәжірибе алмасуда.

Өз кезегімізде біз де көкейде жүрген сауалдарымызды жолдап үлгердік. «Қазіргі БАҚ көрермендерге, оқырмандарға және тыңдармандарға нені және кімді ұсынып жүр? Бүгінгі күннің кейіпкерлері кімдер? Телеэкранға телмірген жұрт өзі көргісі келетін дүниені көре алады ма? Газет беттерінен не болмаса сайттардан оқырман не оқығысы келеді?» сынды сұрақтарымызға  медиа саласындағы әріптестеріміз көрермен көзімен жауап берген болатын.

Біздің сауалдарымызға көрермен ретінде жауап берген әріптестеріміз:

Арман Сейітмамыт, «Хабар-24» телеарнасының директоры;

Дархан Мұқанов, «Сарыарқа» аймақтық газетінің бас редакторы;

Ромина Макаримова, "Алматы" телеарнасының жаңалықтар  жүргізушісі;

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға