Жаңалықтар

 Ғарифолла Есімнің теле-радиодағы шығармашылығының ерекшелігі

 «Асыл сөздің астарлары» радио хабарындағы тақырыптық және көркемдік сипаттамасы  
 Ғарифолла Есімнің теле-радиодағы шығармашылығының ерекшелігі
16.09.2017 11:45 6181

Бір ғасырға жетеқабыл шежіресі сайрап жатқан қазыналы Қазақ радиожурналистикасы жүйелі түрде зерттеліп келе жатқан тарих әрі іргелі ғылым десек артық болмас. Радиожуранлистикасының атақты корифей зерттеушілері: Р.Сағымбеков, М.Барманқұлов, С.Қозыбаев, Б.Кенжебаев, Қ.Бекхожин, Т.Амандосов, Т.Қожакеев Н.Омашев, К Қабылғазина, Р.Нұридендер зерттеп келеді.  Қазақ радиохабарын 1921 жылы хабар тарата бастаған Орынбордағы өлкелік радиостанциядан бастау алатындығы дәлелденіп, ғылыми айналымға енді. 

«Радио – ғұмыр, мыңдаған адамдардың тағдырына ықпал ететін күш-қуат.  Радио – көңіл күй барометрі, өмірге құштарлық дәнін шашатын бастау бұлақ», –  дегені бар еді қазақ журналистикасының белгілі теоретигі Намазалы Омашев. Демек қоғамдық мәдениетті дамытып, пікір қалыптастыруға радионың рөлі ерекше екендігі анық. Радио өз ішінде түрлі пішіндер мен жанрлар арқылы тыңдарманның жан сарайынан орын алып, қоғамдағы өз функциясын атқаратын тамаша құрал. «Радио – көңіл күй барометрі, өмірге құштарлық дәнін шашатын бастау бұлақ» дейді ғалым. Радио арқылы да тыңдарманың өмірге деген құштарлығын оятып, көңіл күйін бағуға болатындығын айтады. Ал өмірге құштарлық – бұл филофофиялық Мән!  Хакім Абайдың туғанына 150 жыл толуы қарсаңында философ-ғалым Ғарифолла Есім мен белгілі радиожурналист Кемелбек Шаматайдың бірлесіп жүргізген әр қайсысы жарты сағаттық 45 дәрістен тұратын «Асыл сөздің астарлары» деген герменевтикалық түсіндірме әңгімелер циклді радиохабарын эфирге шығарды.

Ғ.Есімның мұнда герменевтикалық талдау жасайтын ғалым, яғни сұхбат беруші респондент әрі дикторлық қырынан көрінді. Радиожурналитикаға жаңаша ғылыми-көркем сипат әкелді. Себебі, әдеби-герменевтикалық хабардың алғашқылары болып эфирге шыққан радиоциклді әңгімелесу болатын. Осы хабар сол жылдардың өзінде ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітіруші журналист Роза Төрегелдиева дипломдық жұмыс жазып, «өте жақсы» деген бағаға қорғады. Бұл хабар жайлы қазақтың бегейсыншысы студенттер алдында сөйлеген сөзінде Зейнолла Қабдолов оң бағасын беріп, радиожурналистикаға қалыптасқан мектеп деген еді.  1995 жылы Хакім Абайдің 150 жылдығымен тұспа тұс келді. Мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Абайтану ғылымы қарыштай түскен кезеңдер болатын. Абайтанушылар әр қырынан алып зерттей бастады. Осы орайда философ-ғылым Ғарифолла Есім абайтану ғылымын қалың жұртпен қауыштырушылардың бірі, әрі бірегейі болды. Аудиторияға түсінікті болу үшін қарапайым һәм түсінікті тілмен егжей-тегжейлі жеткізуге тырысты. Бір ай көлемінде 45 циклді дәріс оқылды. Бұл жайында ғалым Қансейіт Әбдезұлы: «Ғарекеңді ең алдымен қазақ ғылымы, қазақ оқымыстылары, зиялы қауымы абайтанушы ретінде таниды бірінші кезекте. Себебі, Ғарекең алғаш осы ғылым әлемінде өзінің «Хакім Абай» деген атақты зерттеуімен көрінді. Ол енді Абайдың хакімді, яғни Абайдың хакімдігі деген сөз Абайдың ұлылығы, Абайдың данышпандығы, Абайдың кемеңгерлігі. Соның барлығын ол өзінің монографиясында дәлелдейді. Яғни, тек қана әдебиеттанушының ғана көзімен емес, философтың көзімен қарайды Абайға. Абайдың дүниетанымын, әлемдік деңгейге көтерілген дүниетанымын философ көзімен талдап, таразылап, әлемдік ғылымның биігінен қарап, Абайдың хакімдігін дәлелдейді. Абайдың қырық бес қарасөзінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталады. Қырық бес сөзінде айтылатын Абайдың ой-толғамы, сондағы суреттелетін өмір сабақтары, Абайдың түйгені, толғағаны, яғни Абай өзіне сол ХІХ ғасырдың басында қалай баға берді, өзінің әлемдік дүниетанымына қалай қарады, қалай ой түйіндеді, соның барлығын осы қырық бес сөзде Ғарекең талдап, саралап өтеді».

Сондықтан да біз Ғ.Есімнің журналистік этикасын ғалым ретінде емес маман ретінде де таразылауды дұрыс көрдік. Мәтін, студия декорациясы, комментарий, сұхбат, сазды әуен, дауыс-дыбыс секілді радиожурналистика «асүйінің» ұсақ-түйек құралдары да назардан тыс қалмауға тиіс.  Бұл жағынан алғанда да сынға ұшырай қоятын тұстар жоқ деуге болады. Ғарифолла Есімнің адамдық һәм ғалымдық этикасының бір ерекше көрініс беретін жері – әңгімелесуші яғни сұхбат алушыға деген құрметін айырықша айтқым келеді. Әр сұрақтан кейін Ғарифолла: - «Кәмеке, жақсы айтасыз» деп жүргізушінің де ынтасын тартып отыратындығы – бұл да этика. Абай тақырыбын журналист Кемелбек Шаматай аса білмесе де Ғарифолла Есім жүргізушіге түсіндіру арқылы тыңдарманда да тартып отырады, дара шауып кету жоқ бір сөзбен айтсақ.  Кей жас журналистердің көп кездесетін ыңғайсыз сәті «Көңілдегі көрікті ойды» микрофонға жұттырып, қалғанын жұтқыншағында ұстап қалатыны бар. Бұл жағынан алғанда да Ғ.Есімнің орнықтылығын, байыптылығын байқаймыз. Мұның бәрі ұсақ-түйек дүниелер болғанымен радиода бірден тыңдарманды жоғалытып алуға әкелетін кері әрекеттер екендігі белгілі. Ғ.Есімнің радиода сөйлеу шеберлігіне қарап, оның құрылымдық лингвистика және нейролингвистиканы да жақсы меңгергендігін көруге болады.

Сөйлем құрауында сөздердің орын алмасуы немесе сөздің дәлдігінен алыстайтын көптеген синонимдердің тізбегі жоқ.  Бірақ радионың тілі мен стилінде мерзімді баспасөз жазбасынан айтарлықтай өзгешелік бар. Сондықтан, газет-журналға тән кейбір ұзын сонар әңгімеден, сала құлаш құрамалас сабақтас күрделі сөйлемдер аз. Радиомәтінге тән қойылатын негізгі талаптар орындалған деуге болады. Радиохабардың пішіні мен жанрын анықтап, оны радиожурналистикасының теориялық және парактикалық сипатын талдаптаразылау барысында бағадарламаның көркемдік екекшелігі мен стилін анықтап алуға болады деп ұйғардық. Сол себепті де радиожуралистикасының белгілі теоретигтерінің кесіп пішкен пішін мен жанр жайындағы ерекшеліктер мен бөлінімдерді қысқашалап беруді (еске түсіруді) жөн көрдік.  Шетеле журналистикасын зертеп жүрген Меңдүгіл Шындалиева былай дейді: «Сұхбат жанрын қолдануда, яғни «сұрақ – жауап» үлгісімен жазылған, журналист пен кейіпкердің әңгімесінің сол күйінде берілуін газет оқырмандары өзгеше қабылдайды. Өйткені оқырмандардың сұхбат берушіге емес, сұхбаттасушының жеке өміріне назары ауады. Ертеректе оқырмандардың көңілін газетпен баураған жауапкершіліктен айырылған журналист, өзіндік қолтаңбасын енгізіп, қоғамдық пікірді білдірушіге айналды. Журналистің ирониясы, сарказмі, сұхбаттың драматургиясын құрастыра білуі, әңгімелесушіден ақпаратты ала білу шеберлігі сұхбат алушыға деген оқырмандардың ықыласын туғызды. Сұхбат алушы журналист атақты кейіпкерлерден алған сұхбаттары арқасында өзінің шеберлігін шыңдап, оқырмандарға жақындай бастайды» . Жанр: Жалпы, радиожурналистика жанрлары үлкен үш топқа бөлінеді: ақпараттық жанрлар, талдамалы жанрлар, деректі-көркем жанрлар.

Ақпараттық  жанрлар: Радиоақпарат – ақпаратқа  мынадай   талаптар  қойылады:  дәлдік;  хабарламалық;  мәнерлілік; ізеттілік; айтылудағы анықтық. Радиосұхбат, яғни, радиоинтервью ағылшын тілінен аударғанда «кездесеу, әңгімелесу» деген мағынаны білдіреді. Сұхбат – баспасөзде кең қолданыс тапқан жанрлардың бірі. Сұхбаттың құрамында екі жанрлық элемент бар: 1) журналистің қоятын сұрағы; 2) сұхбат берушінің қайтаратын жауабы; Біріншісі – құралды иеленуші, екіншісі – ақпараттың қайнар көзі. Талдамалы жанрлар: Радиокомментарий. Комментарийдің негізгі жанрлық элементтері:  автор тарапынан фактіге жасалған талдау мен  оған берілген баға.

Радиокомпозиция – құрамына дыбыстық дерек, музыка, әдеби материал енетін, автордың шешімімен алуан түрлі материал бір тақырып аясында топтасатын  радиохабар. Ал, пішін ретінде ғалымдар:  Кері байланыс  Радиоүндесу  Ток-шоу  Студиядағы хабар. Жоғарыда  көрсеткен теория өзгеріп жаңарып отыратындықтан бұл толық деген сөз емес. Бұл жерде автортың да жекелей көзқарасы ба бар екендігі жасырын емес. Бірақ радио тақырыбын зерттеген кез-келген адамға мұны білмей сөз бастау қиын әрине. Сол себепті де қайталай еске түсірдік. «Шалқар» ұлттық арнасына «Елім менің» ақпаратты-танымдық сазды бағдарламасында Конституция күні қарсаңында Философия ғылымдарының докторы, академик, ғалым Ғарифолла Есімнің берген сұхбатын да бере кету дұрыс деп ұйғардық. (Ықшамдалып алынды) «Ата Заңды әрбір азамат қадірлеп-қастерлеуі тиіс.  Ата  Заң – өмір сүрудің, тұрмыс-тіршіліктің қағидасы. Заңды түсіну – тәртіп, мәдениет. Оның алдында барлық адам тең. Осы теңдікті мойындап, қызмет етсек қана  даму болады». Әдебиеттің жанрлары – драма мен лириканы алайық.

Драма жанрының трагедия және комедия атты екі түрі бар. Немесе лирика жанры: сонет, арнау, романс, эллегия, тағы басқа осы сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Олай болса, публицистиканың да осындай үлкенді-кішілі жанрлары, оның түрлері бар. Сөйтіп, публицистикалық шығармалар мынадай үш түрлі жүйеге бөлінеді: публицистикалық хабар, талдамалы және көркем публицистикалық жанрлар. Ғ.Есім драматургиясындағы көркемдік ерекшелігін әдебиетшілер айта жатар, біз осындағы көтерген мәсеесі мен пәлсафалық ойын тоқталсақ. Жазушы Ғарифолла Есімнің «Таңсұлу» атты новелласының желісімен Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында пьесасы қойлды. «Бірнші бөлімінде ұлттық тақырып қазақ қызының тағыдыры, ертеңгі ел анасы толықсып бой жетіп, ұзатылғалы отырғын атына заты сай Таңсұлудың бейнесі өткен ғасырдағы қазақ қыздарының басынан өткен тағдыр-талайындағы нәубеті бейнелейтін жиынтық образды көрсеткен. Тұтқынға түкен ару өз сұлулығы мен  жастығын тәрк етеді. Ұрапағын аман сақтап махабабатына адал болады. Қанша басына қасіреті мол күн тусада үлына бабалар рухын жырлайды. Пьеса көрермендерге тарихи маңызымен ғана емес көркемдікгімен екрекшеленді.

Киім, ән, би, заманауи технология пьессаның мәнін кіргізе түсті.  Ұлттық арнаның тілішілеріне берген сұхбатынада академик былай дейді: «Таңсұлу өзі мені таң қалдырған тұлға. Тарихи тұлға. Қазақтың қызы қиын жағдайда ел басына күн туғанда не бере алады. Бүгінгі пьессадан соны  іздеймін. Иншалла сол шығадам деп ойлаймын. Таңсұлу қазақ жастарына керек».  «Асыл сөздің астарлары» хабарынан тыс басқа да көптеген сұхбаттардағы респондентік ерекшеліктеріне тоқталсақ. Айталық Ғ.Есімнің драматургиясы. Осы жөнде де аз-кем сөз қозғасақ. Қазақ радиосындағы мына бір сұхбатынан қысқаша үзінді келтірсек дейміз. Бұл сұхбатында жазушының драматургиясы жайында сөз болмақ.

- Таңсұлу – философиялық проза жанрында жазылған шығарма. Ондағы бас кейіпкер Таңсұлу өмірде болған образ ба? Егер болған болса... Философиялық новелла, Таңсұлу өмірде болған тарихи тұлға, бірақ аңыз болып жеткен бізге. Сондықтан аңыз болып жеткен кезде, әрине оның сол кездегі дәлме-дәл, тарихи дәлдіктер шықпауы мүмкін. Өзі тарихи тұлға, болғаны анық. Сондай қылыққа барғаны анық. Ол туралы қазір айтамыз. Ал енді тура документально осылай деп айту, әрине, ол қиын. Көп жылғы оқиға. 

- Шығарманың композициялық сюжеті қалай өрбиді?

- Шығарманың сюжеттік құрылымы маған аян сияқты болып түсті. Сол бойымда жүрді ғой. Ойланып жүрдім, ойланып жүрдім. Сонда бір үні сау ете түсті өзі. Сау ете түскенде, көріп отырсыз ғой енді, Таңсұлуда өзі қиын, қайсысы шындық, қайсысы фантастика, қайсысы қалай екенін анықтау қиын. Өйткені жас қыз бала, он жасар қыз бала өзінің тағдырын көріп қояды. Өскенде не болатынын, немен өмірінің аяқталатынын сезіп қояды. Қалай енді ол? Мен құрастырған жоқпын. Мен фабуланың сюжетін құрастырған жоқпын. Ақындар өлең жазғанда туа салады дейді ғой, сол сияқты өзі келе салды. Мен келген нәрсені тек жаза салдым. Басқа ештеме жасаған жоқпын. Содан кейін бір ғажабы, мен Таңсұлуды бір жаздым, сол жазған соң ешқандай өзгерту жасаған жоқпы. Мен отыз үш, отыз бес жасымда жаздым ғой деймін, одан кейін өзгеріс жасаған жоқпын. Жатты содан кейін, жата берді. Оған мән берген жоқпын. Содан кейін 80-90 жылдары бір шығардым. Содан кейін тағы жатты менің жұмыстарым. Басқа көп жұмыстар бар, ғылыми жұмыстар бар, қоғамдық жұмыс, басқа жұмыстар бар. Содан бір күні біреулер айтты, осыны кино қылып не пьеса қылып қояйықшы деп. Қояйық деп бір-екі жерден режиссерлермен сөйлесіп едік, ол режиссерлер айтты біз бұған қоя алмаймыз. Мен оны білемін дедім, қоя алмайсыңдар. Және де ылғи театрларға барып жүрдім, әртістердің ойынын қарадым.

Таңсұлуды ойнауға ондай әртістер керек жоқ. Онда монолог жоқ. Өзі бес-алты-ақ бет. Бірақ ішінде оқиға деген тұнып тұр. Сондықтан бұл жерде актерларға өріс бар, әрі актерларға сөз жоқ, сөз аз. Бәрі іс, әрекет, актедің харекеті. Демек, актер сөйлемей, ойнау керек. Ондай актерлерді мен таба алмай жүрдім. Ондай қоятын режиссерлерді мен таба алмай жүрдім. Бір-екі режиссерлермен сөйлесіп, бәрі айтты, біз қоя алмаспыз, үйтерміз, бүйтерміз. Содан кейін бірекі жерде қоямыз, сценарийді қатай жазамыз деді, мен жазғызбай қойдым. Сценарийді қатай жазамыз дегендер болды, мен қайта жазбайсыздар дедім. Өзгертпейсіздер, осылай кетеді. Өйткені олар сценарий жазғанда сөз қосайын деп тұр. Актерлардың ауыздарына сөз берейін деп тұр. Актерлардың аузына көп сөз бермеу керек деп ойладым мен. Жалпы, өзі шығармада да солай. Сөйтіп жүрген кезде менің Халықов Қабыл деген шәкіртім бар. Сол бір күні айтты, Алма Кәкішева деген режиссер бар, соған берейікші Таңсұлуды деді. Мен айттым, беріп көрші, өздері қалай түсінеді екен. Соны беріп көріп еді, Әуезов театрында актерлар бар екен. Олар да айтыпты, мынаны біз ойнаймыз. Яғни, біздің қазіргі актерлар, режиссерлар өскен. Мен соған разы болып қалдым. Өйткені олар ойнаймыз дегенде, ол әлгі пьесаға айналмаған, бірақ менде өзі пьеса сияқты болып тұр. Пьесаға айналмаған, оны айналдыру қиын емес еді, оны айналдырдым. Содан бердім, жұмыс істеп жатыр. Енді мен әлі көрген жоқпын. Бірақ мен Алмаға, Қабылға сенемін. Өйткені екеуінің де білімі өте жоғары. Мысалы, режиссура жағынан Алм, мен сөйлесе алмаймын, менде ондай режиссерлық қабілет, ондай білім, тәжірибе жоқ. Ал енді суреткерлік жағынан мен Қабылмен теңесе алмаймын, Ленинградта оқыған ол. Ол маман. Және де ол философия ғылымдарының докторы, шәкіртім бір жағынан. Сондықтан олардың білімі менен асып тұрған соң, мен бердім енді. Баяғыда айтады ғой оқуға баласын бергенде, еті сендердікі, сүйегі менікі деп. Сол сияқты енді солай деп бердім, өздері шығарады. Мен оларға ақыл айтып, өйтіп жасай алмаймын, қолымнан келмейді, мен кіріспеуім де керек деп ойлаймын. Енді көреміз отызы күні, қалай шығатынын. 

- Ғарифолла мырза, сіз философ ретінде тағдыр деген ұғымды қалай қабылдайсыз?

- Ойлаймын, тағдыр деген, осы Таңсұлудың өмірі тағдыр ғой деймін. Тағдыр дегенді біз ойлаймыз, біз әсіресе жағымсыз мағынасында айтамыз. Бір ауыр жағдай  болып қалса, тағдыр дейміз. Тағдыр дегеннің өзі адамның өмірі болса, не болады ол? Ол жатымсыз бола ма? Бұл жерде тағдыр. Тағдыр деген өзі не? Тағдыр деген адамнан тыс келетін қуат па? Жоқ, адамның өзінің бойындағы туатын қуат па? Айта алмаймын. Мене жақсы білетін адамдар бар шығар тағдыр дегенді. Мен айта алмаймын. Адамның өзінен шыға ма екен қуат болып тағдыр. Не боласа жоғарыдан өзінің маңдайына жазылған жазу ма екен? Жоқ, әлде жалпы сол жердегі адамдардың, сол халықтың халық болып қалуы үшін, елдің ел болып қалуы үшін сондай тағдыр қажет бола ма екен? Білмеймін.  

- Өзіңізді таңқалдырған Таңсұлу барша көрермендерді де таңқалдырады деген сенімдеміз. Шығармашылығыңызға шабыт тілейміз.

- Бұл көрермендермен, шіркін, бірге таңқалып жүрсек деп ойлаймын, бұл Таңсұлу бірінші рет қойылды, қойылғанда мектептерде, әртіс емес адамдармен қойылды. Сонда талай адамды жылатты бұл. Сондықтан Таңсұлу деген мәселе, ол үлкен мәселе. - Жүректен шыққан әрбір туынды жүректен орын алатынына біз сенеміз, бағасын көрермендер береді.  - Бұл жерде баға да керек жоқ. Бұл жерде керекті мәселе, Таңсұлумен бірге жүріп өті. Таңсұлумен бірге жүрі өтсең, өзің бір басқа ойға келесің. Мәселе сонда.

Жалпы радио саласында басқа да көптеген сұхбаттарының барлығын талдап таусу мүмкін емес. Ғарифоола Есім радиодағы еңбектері де кемеңгер публицист екенін дәлелдей түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға