Big Data
2010 жылы әлемде өндірілген ақпараттың көлемі 1 зеттабайтты құрады. Ғалымдардың пікірінше 2013 пен 2020 жылдар аралығында 4,4 зеттабайттан 44-ке шейін артады. Сандық көрсеткіш ретінде көлемі 10 есе артады. Facebook-қа 20 секунд сайын 2,7 миллион сурет, әр минут сайын YouTube-ке 100 сағат видео салынып отырады. Сонымен қатар тұтынушылық сегментте де мәліметтердің көп көлемі жинақталуда. Бұл ақпараттар бизнес үшін өте маңызды. Жаңа замандағы бизнес модельдерді құрастырудың негізі де осы ақпараттық кеңістік болмақ. Жылдан жылға ақпарат артып жатыр.
Бірақ бар мәліметтердің тек 22% ғана пайдалы бола алады. Қалған ақпараттар көлемі «қоқыс» деп аталады. Бүкіл ақпараттың тек 5% шынайы өңделеді. Заттар интернеті дамуымен 2020 жылға қарай ақпараттың 35% пайдалы болмақ. Осындай көлемде ақпараттың пайда болуы оны өңдеу мәселесін тудырады. Ақпараттарды өңдеу саласында үлкен бәсекелестік пайда болуда. Аталған тенденциялар көп көлемдегі ақпарат массивтерін өңдеу технологиялар қажет ете бастады. Осы нарықта қазірдің өзінде үлкен сілкініс пайда болғанын атап көрсетуге болады.
T-Systems компаниясы Big Data саласына қатысты мәселелерді зерттеумен айналысуда. Осы саладағы Германия, Австрия, Швейцария, Франция, Испания, ОАР, Бразилия, АҚШ және Ресей елдерінің мамандарымен сұхбат барысында қызық қорытындыларға қол жеткізді. Батыс елдері мен АҚШ компаниялары Big Data-ға ақша салуға дайын. Қазірдің өзінде осы саланы дамытуға үлкен ресурстар жұмсалуда. Тек үкімет тарапы емес, бизнес те көп көлемде қаржы салып, осы саланы игеруде.
Қазіргі таңда мемлекеттік сектор, энергия тасымалдаушылар, банк секторы, сақтандыру компаниялары осы салада көш бастап келеді. Жоғары да аталған мамандардың пікірінше, аталған елдердегі бизнестің 64% үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеуге дайын екендігін атап көрсетті. Бірақ туындаған басты мәселе, технологиялардың әлсіздігі. Қазіргі Big Data саласындағы технологиялар алдыға қатты дамып кеткенімен де, қазіргі бар ақпаратты зерттеудің әлі де болса әлсіз тұсы бар. Big Data қызметімен айналысатын компаниялар саны артып жатыр. Алайда олар кіші, не орта көлемді компаниялар. Саладағы қажетті технологиялық құны әлі де болса да қымбат болып тұр. Бірақ алдағы 5-10 жылда операциялық кұны бірнеше есе төмендейтіндігі анық. Болашақ ғылымның және бизнес, мемлекетік басқарудың болашағы Big Data болмақ. Сол себепті елдер осыған дайындалу керек.