«Мег: Монстр глубины» («The Meg») – режиссер Джон Тёртелтауб («Сокровище нации») түсірген фантастикалық хоррор-триллер. Фильмге Стив Элтеннің бестселлері арқау болған. Басты рөлде Джейсон Стэтхем ойнайды, одан бөлек Ли Бинбин, Джессика МакНэми, Клифф Кёртис, Рэйн Уилсон, Роберт Тэйлор және Руби Роуз бар.
Тынық мұхитының түбінен жойылып кетті деп саналған алып акула табылады. Алайда Джонас Тэйлор есімді палеонтология профессорынан басқа ешкім бұған сенбейді. Бірде тереңге сүңгитін экспедиция су астында қалып қояды. Джонас Тэйлор соларды құтқару үшін Мегалодонмен бетпе-бет келмек.
«Опасная игра Слоун» («Miss Sloane») – Джессика Честейн ойнаған саяси триллер. Фильмді Джон Мэдден («Расплата», «Влюбленный Шекспир») түсірді.
Честейн Элизабет Слоун есімді АҚШ саяси бизнесінің акуласы атанған беделді лоббиші рөлінде. Оның кейіпкері психологиялық ойынымен, манипуляция өнерін пайдаланып, қарсыластарын жеңіп шығады. Мықты саяси тұлғаларға қарсы кампанияны қолға алғаннан кейін Слоунға және оның жақындарының өміріне қауіп төнеді.
Фильмнің әлемдік премьерасы 2016 жылы қарашада өтті. Қазақстан прокатына екі жылдай кешігіп келіп жатыр. Фильм өндірісімен француз кинематографшысы Люк Бессонның EuropaCorp студиясы айналысты.
«Шпион, который меня кинул» («The Spy Who Dumped Me») - Мила Кунис пен Кейт МакКиннонның қатысуымен жасалған экшн-комедия.
Сюжет бойынша Құрбылар Одри мен Морган бір жігіттің кесірінен халықаралық қастандықтың ортасына тап болады. Оларды әлемді құтқару жолында ерлікке толы оқиғалар, Еуропаға саяхат және британ агентімен кездесу күтіп тұр.
«Зло» («Malicious») – Майкл Уинник («Кодекс чести») режиссерлік еткен америкалық үрейлі драма. Уинник үшін бұл екінші толықметражды картина болып отыр.
Сюжетте Адам есімді оқытушы мен әйелі Лиза сәбидің өмірге келуін күтіп жүреді. Бірде отбасы тыныштығы бұзылады. Олар әлдебір зұлым күшпен бетпе-бет келеді. Осы қорқыныштан құтылу үшін Адам парапсихолог Кларктың көмегіне жүгінеді.
Басты рөлдерде - Бояна Новакович пен Джош Стюарт.
«В пoиcкaх Йeти» («Mission Kathmandu: The Adventures of Nelly & Simon») – Канада режиссерлері Пьeрa Грeкo мен Нэнcи Ceвaрдтың қызық оқиғалы анимациялық картинасы. Бұл жоба қос режиссердің екінші бірлескен жұмысы. Олар осыған дейін «Пeтух из Caн-Виктoрa» деген мультфильм шығарды.
Сюжеті: Жекеменшік детектив Нелли мен ботаник-ғалым Саймон қар адамы Йетидің бар екеніне сенеді. Соны дәлелдеу үшін екеуі Гималай жүрегіне аттанады.
«По ту сторону океана» («Da hai») - қытайлық фэнтези-мульфильм. Анимациялық туындыда жыл мезгілін басқарып, уақытты өзгерте алатын тұрғындары бар жасырын әлем туралы айтылады. Адамдар әлемін зерттеуге шыққан он алты жасар Чун иірімге тап болып, адам баласының көмегімен аман қалады. Алайда әлгі бала Чунды құтқарамын деп өзі қаза болады. Чун балаға екінші өмір сыйламақшы болады. Сол үшін ол түрлі оқиғалар мен ауыр сынақты бастан кешпек.