Жаңалықтар

9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

9 шілдеге арналған ауа райы болжамы
09.07.2022 07:36 1151

Синоптиктер 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап. 

Синоптиктердің дерегіне қарағанда, оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. 

Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, республиканың шығысында дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта тұман түседі. 

Тек Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарына батыс антициклоны ығысып, күн ашық болады. 

Қызылорда облысының батысында, шығысында, Абай облысының шығысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға