97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойған: көмекке құтқарушылар келді

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com
06.04.2025 10:01
693
Ақмола облысы Атбасар қаласында 97 жастағы қарт әже үйінің ішінде құлап қалып, байланысқа шыға алмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, әженің үйіне келген әлеуметтік қызметкер есігін қағып, жауап ала алмаған. Қария ұзақ уақыт есігін ашпаған соң, әлеуметтік қызметкер құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып, қарияның жерде жатқанын көрген. Қарияны жедел жәрдем бригадасына тапсырдық», - дейді құтқарушылар.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Баж салығы: 50-ден астам мемлекет АҚШ-пен келісім жасамақ