Жаңалықтар

92 миллион теңгеге азаматтарды алдаған алаяқ сотталды

92 миллион теңгеге азаматтарды алдаған алаяқ сотталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 07.03.2025 10:17 269

92 миллион теңгеге азаматтарды алдаған алаяқ сотталдыдеп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс визасын жасап беремін деп алдау арқылы 92 020 000 теңге жымқырған.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Өз кезегінде алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 23 жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға