Жаңалықтар

91 жастағы миллионер өзіне қалыңдық іздейді

91 жастағы миллионер өзіне қалыңдық іздейді
Фото: ©Getty IMAGES/Рихард ЛЮГНЕР 07.12.2023 13:51 2085

Құрылыс компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы – австриялық миллионер Рихард Люгнер қалыңдық іздеп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

91 жастағы кәсіпкер алты рет үйленген. Сөйте тұра тағы бір рет бағын сынап көрмек.

Маған керегі – белсенді өмір сүргенді ұнататын және өмірді жақсы көретін әйел. Өзім де белсенді өмір сүруді жақсы көремін және жанымда жақын адамның болғанын қалаймын, - деген ол.

Kronen Zeitung мәліметінше, оған 45 жастан асқан әйел керек және міндетті түрде бизнесте тәжірибесі болуы керек, себебі өзіне көмектескенін қалайды. Ең бастысы, ол болашақ жарының сыртқы келбетіне емес, ақылына қарайды екен.

«Шағын не бойшаң, терісінің түсі – маңызды емес. Ол ақылды болуы керек. Шашының түсі де маңызсыз. Сүйкімді болса болғаны, - деген талап қойған ол.  

Миллионер бұған дейінгі әйелімен 2021 жылы ажырасқан. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға