9 желтоқсанда елордалық бастауыш сынып оқушылары түске дейін қашықтан оқиды
Бұған күн райының қолайсыздығы себеп болып отыр
Фото: alau.kz
Фото: alau.kz
08.12.2022 23:23
1582
Елорданың бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары 9 желтоқсанда онлайн оқиды, деп хабарлайды El.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады, - делінген ведомство таратқан хабарламада
Сондай-ақ басқарма бұған дейін желіде таралған Астана мектептерінде 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттерінің сабақтары болмайды делінген ақпараттың жалған екендігін айтты.
Бұған дейін 8 желтоқсан күні елдің бірнеше өңірлеріндегі мектептер, соның ішінде Астана қаласының 0-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқыған болатын.
Бөлісу:
