Жаңалықтар

9 сынып оқушысы қатарласын амандаспады деп ұрып өлтірген

9 сынып оқушысы қатарласын амандаспады деп ұрып өлтірген
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 30.05.2023 10:38 1350

Батыс Қазақстан облысындағы Щапов ауылының мектеп оқушысы өз қатарласын ұрып өлтірді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, марқұм болған жеткіншек оған дұрыстап амандаспаған көрінеді. Бұған ашуланған жасөспірім бірден қол жұмсапты. Алған соққының ауыр болғаны соншалық, 9-сыныптың оқушысы Дияр Досқали тілге келмей көз жұмды.

Диястың айтуынша, ауыл балалары оларды оңаша жерге шақырып сөзбен тиісіп, кейін қол көтерген.

Қасымдағы бір бөлем дұрыстап амандаспады деп 10-кластағыларға айтқан ғой мыналарды ұрыңдар, аналар дұрыстап амандаспайды деп. Сол үшін бізге келді. Мені, Диярды, сосын Айбол деген бөлемді ұрды. Мені ұрған 1-курстың студенті, – дейді марқұмның туысы Дияс Досқали.

Диярдың қайғыдан қан жұтқан туыстары істің әділ тергелуін талап етуде. Полиция күдікті жасөспірімді ұстап, қамауға алған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, осы факті бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды, – дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Лунара Аманғалиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға