Жаңалықтар

9-сынып оқушысы белгісіз вирустан көз жұмды

9-сынып оқушысы белгісіз вирустан көз жұмды
Фото: Shot 12.03.2025 16:50 525

Омскіде 15 жастағы мектеп оқушысы белгісіз вирустың салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқушы 3 наурыз күні сырқаттанып, дене қызуы 38,4°C-қа дейін көтерілген. Ата-анасы қызын дәрігерге қаратып, ол жай ғана суық тиюге қарсы ем-дом алып, үйіне қайтқан. Алайда 8 наурыз күні оның дене температурасы кенеттен 34,7°C-қа дейін төмендеген. Анасы жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер тек қарап шығып, кетіп қалған. Келесі күні оқушының жағдайы күрт нашарлап, құсу басталған. Біраз уақыттан кейін ол көз жұмды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушының өліміне дәрігерлердің қате тағайындаған емі себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда "абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған әрекет" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қайтыс болған оқушы мектептегі түрлі байқаулардың жеңімпазы болған. Ол театр қойылымдарына қатысып, облыстық сайыстарда жүлделі орындарға ие болған.

Қазіргі уақытта оның өлімінің нақты себебін анықтау үшін медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға