Жаңалықтар

9 маусымда Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады

9 маусымда Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 09.06.2024 00:26 386

9 маусымда Алматыда «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ аумағында жыл сайынғы Alatau Run-2024 тау жарысы өтеді. Ол екі қашықтық бойынша, яғни веложарыс пен жаппай жүгіруді (сондай-ақ жаяу көтерілуді) біріктіреді: Медеу – Горельник, Медеу-Шымбұлақ, 3 негізгі дисциплина бойынша: жүгіру, велосипед пен скандинавиялық серуендеу, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 2024 жылдың 9 маусымында (жексенбі) сағат 07.30-дан 10.30-ға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесі бойымен «Медеу» СК-нің іргелес бөлігіндегі тұрақтан «Шымбұлақ» МК-ге дейінгі қозғалыс ішінара жабылады.

Жолдарды жабу кестесі:

9 маусым сағат 7:30-дан 10:30-ға дейін

Іс-шараны өткізу мен аталған аймақта жүріп-тұрудың жабылуы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының жаяу көтерілуі мен серуендеуіне әсер етпейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға