Жаңалықтар

9 ақпанда елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Кей өңірде жел екпіні күшейіп, тұман түсуі мүмкін
9 ақпанда елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: gov.kz 09.02.2023 08:41 1875

Еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Абай облысының оңтүстігі мен солтүстігінде тұман түседі деп болжанды.

Ақтөбе облысының солтүстігінде де түнде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 18 м/с. Ақтөбе қаласында түнде тұман болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Облыстың шығысында аздаған бұрқасын, оңтүстікте тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл облысында оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында, 10 ақпанда оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, қалың қар жауады. 09-10 ақпанда оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 10 ақпанда оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында - 15-20 м/с, ауа температурасы күндіз 1-6 жылыдан 0-5 аязға дейін төмендейді. Тараз қаласында қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында аздаған қарлы боран соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады. Қызылорда қаласында түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Күндіз солтүстіктен желдің екпіні 17 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде көктайғақ, аздаған бұрқасын, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында түнде көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз солтүстікте, облыстың батысында екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында көктайғақ байқалады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында - 17-22 м/с, облыстың таулы асуларында екпіні - 23-28 м/с, ауа температурасының күрт төмендеуі сезіледі. Түркістан қаласында өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Жезқазған қаласында кей жерлерде бұрқасын болады.

Шымкент қаласында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні - 17-22 м/с, ауа температурасы күндіз 12-14 градустан 3-5 аязға дейін күрт төмендейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға