Жаңалықтар

8 наурыз туралы 8 қызық дерек

Сіз білесіз бе?
12.04.2016 16:54 9312

8 наурыз туралы 8 қызық дерек

Арулардың шуақты мерекесінің қарсаңында 8 наурыз туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз

8 наурыз туралы 8 қызық дерек

Бұл мереке теңдік үшін күрескен жұмысшы әйелдердің арқасында дүниеге келген. «Халықаралық әйелдер күні» идеясы Клара Цеткинге тиесілі. ХХ ғасырдың басында Клара өзінің құрбысы Роза Люксембургпен бірге өзге қыз-келіншектерді алаңға шеруге шығуға шақырған. Олардың бар көздегені – әйелдер проблемасына көптің назарын аударту еді.

8 наурыз туралы 8 қызық дерек

Арулар мерекесі Ежелгі Римде де атап өтілген. Бұл күні римдіктер өз жұбайларына сыйлық жасап, тіпті демалыс берілген екен. «Құлға да бір күн демалыс» деген осы!

8 наурыз туралы 8 қызық дерек

1912 ж. әйелдер қауымы өз мерекесін 12 мамырда тойлаған. Арулар меншікті мейрамын тек 1914 ж. бастап 8 наурызда атап өтуге көшіпті.

8 наурыз туралы 8 қызық дерек

Кеңестік кезеңде 8 наурыздың басты гүлі мимоза болды. Бірақ, Әйелдер күні десе, бірден есімізге күміс түстес қараған түседі. Қараған мимоза тұқымдас өсімдіктердің қатарына жататындықтан, жұрт та гүл мәселесінде жаңылысып қалғанға ұқсайды.

8 наурыз туралы 8 қызық дерек

1914 ж. 8 наурызында Кеңес одағында «Жұмысшы» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Ал, 1950 жылы әйелдер күнінде КСРО атом бомбасының бар екенін айтып, жар салды. Ең қызығы, «Жұмысшы» журналы әлі күнге дейін бар.

8 наурыз туралы 8 қызық дерек

1910 жылдың 8 наурызында француз Элиз де Ларош әлемдегі аэроплан басқаратын тұңғыш әйел-ұшқыш атанды. Бұл атақтың дәл сол күні берілуі жай ғана кездейсоқтық болды. Өйткені, ол кезде әйелдер мерекесі тойланбайтын еді.

8 наурыз туралы 8 қызық дерек

Мереке әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Олар: Армения, Әзербайжан, Ауғанстан, Беларусь, Буркина-Фасо, Вьетнам, Гвинея-Бисау, Грузия, Замбия, Қазақстан, Камбоджа, Қырғызстан, Кирибати, Қытай, Коста-Рика, Куба, Лаос, Мадагаскар, Молдова, Моңғолия, Непал, Ресей, Сербия, Тәжікстан және т.б

8 наурыз туралы 8 қызық дерек

Мадагаскарда 8 наурыз күні тек қыз-келіншектер ғана демалады, ер азаматтар жұмыс істейді. КСРО-да «Халықаралық әйелдер күнінде» демалу үрдісі 1966 ж. бастау алған. Оның алдында әйелдер мейрам кезінде де жұмыс істеген екен. Бір қызығы, 8 наурыз Сирияда – Революция күні, Замбияда – Жастар күні, Малайзияда – сұлтан күні, Либерияда – құрбандарды еске алу күні екен.


Әзірлеген  – Жансая Төлеген

Деректер flamingo.ru сайтынан алынды 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға