Жаңалықтар

89 жастағы пациентке күрделі операция жасалды

89 жастағы пациентке күрделі операция жасалды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі 05.02.2025 01:14 94

Түркістан облысы Ордабасы аудандық орталық ауруханасында алғаш рет 89 жастағы пациентке жамбас буынын эндопротездеу отасы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Обылстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас 31 қаңтар күні тұрмыстық жарақат алып, жедел жәрдем бригадасымен аурухананың қабылдау бөліміне түскен. Дәрігерлер қарауынан кейін жоспарлы түрде  сол жақ жамбас буынына цементсіз биполярлы имплантпен эндопротез отасы жасалған. Операция сәтті өтті. Науқастың жағдайы бірқалыпты.

Аурухана дәрігерлерінің жаңа емдеу әдістерін игеруі мен кәсібилігінің арқасында мүгедектік қаупі төнген науқас буындарындағы ауырсынуы жеңілдеп, белсенді өмірге қайта оралады. Бұл жоғары технологиялық операция түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілді.

Айта кетейік, бұрын мұндай ота түрлері басқа мекемелерде жүргізіліп келген. Қазіргі таңда травматологиялық көмектің барлық әдісін Ордабасы аудандық орталық ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін алуға мүмкіндік бар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға