87 жасқа толған Нұрғали Нүсіпжановқа жаңа атақ берілді
Фото: Алматы облысының әкімдігі
Фото: Алматы облысының әкімдігі
06.01.2024 13:27
3624
Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанұлының туған күні. Осы орайда ән өнерінің дарабозын Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлының атынан құттықтап, облыстың «Құрметті азаматы» атағын табыстадық, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда бұрынғы Талдықорған облысының Гвардия ауданына қарасты Доланалы ауылында дүниеге келген. Өнер иесінің Қазақ сахнасында жүргеніне 70-жыл толды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды