80 жастағы ардагер патрульдік полициямен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қадағалайды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
01.10.2024 18:05
417
1 қазанда Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында Жезқазған қаласы ПБ жеке құрамы ардагермен кездесті. Ұлытау облысы полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбек Мұқатаев жеке құрамның жұмысымен танысып, полициямен бірге қаланы патрульдеуге шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала көшелерін патрульдеу кезінде ардагер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарттарымен және өз тәжірибесімен бөлісті.
Жас қызметкерлер — құқық қорғау жүйесінің болашағы. Мен оларға көмектесуге әрқашан дайынмын. Бырлығымыз бірге қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тынбай еңбек етеміз, — деп атап өтті Аманбек Мұқатаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы қалдықтарды басқару жүйесін реформаламақ
Келесі жаңалық
Композитор Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл толды