8 жастағы қызылордалық бала құдыққа құлап қайтыс болды

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
26.11.2023 17:21
851
Қызылордада кәріз құдығына түсіп кеткен бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға кеше күндізгі сағат 13:14 минутта болған. Сегіз жастағы бала абайсызда қаланың емханаларының бірінің жанындағы кәріз құдығына құлап кеткен көрінеді.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 279-бабы "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Тергеу басталды", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.
Құтқарушылар баланың денесін кешке дейін іздеп, зорға дегенде тауып алған екен.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласы мамандары марапатталды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді