8 наурыз мерекесі қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем беріледі

Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын" және "Күміс" алқа иегерлері, "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады, - делінген хабарламада.
Әкімдіктің дерегінше, Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша, көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны – 53 936.
