Жаңалықтар

77 жастағы Алтынбек Қоразбаевтың биі желіні шулатты

77 жастағы Алтынбек Қоразбаевтың биі желіні шулатты
Фото: видеодан алынған кадр 03.02.2025 12:00 173

Қазақстанның халқы әртісі Алтынбек Қоразбаевтың танымал әнші шәкірттерімен билегені жұртты тәнті етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 ақпан күні 77 жасқа толған композитор шәкірттері Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев және Тоқтар Серіковпен билеп, көптің көзайымына айналды. Втдеоны Сәкен Майғазиев әлеуметтік желдіе бөліскен.

Желі қолданушылары "Жілтіктей әншілер, Алтынбек аға бабында, Алла кұш берсін", "Өнерлеріңізді қатты құрметтейміз, әрқашан сәттілік тілейміз,халыққа қызмет етуден шаршамаңыздар", "Керемет! 77-дегі дей алмайсың, жас көрінеді ағамыз! Тіл - көзім тасқа! Алла Тағала әлі де ұзақ ғұмыр нәсіп етсін! Өнер адамының жүрегі де, тәні де, жаны да қартаймайды..." - деп жазып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға