Жаңалықтар

74 жастағы павлодарлық әжей мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

74 жастағы павлодарлық әжей мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды
Фото: © Pixabay 29.01.2025 09:57 300

Сот Павлодар қаласының тұрғынына көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған азаматша И.-ге қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б.).

Сот 2024 жылдың желтоқсанында 1951 жылы туған азаматша И. алкогольдік масаң күйде "Toyota" маркалы көлік құралын басқарғаны анықтаған. Сот отырысында азаматша құқық бұзушылық дерегін мойындады.

Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, медициналық куәландыру қорытындысы, бейнежазба арқылы расталады.

Сот азаматша И.-ді ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға