Жаңалықтар

700 мың қолдаушым бар. Жигули Дайрабаев мандатынан бас тартпайтынын жеткізді

700 мың қолдаушым бар. Жигули Дайрабаев мандатынан бас тартпайтынын жеткізді
Фото: facebook.com/Жигули Дайрабаев 12.04.2023 13:30 913

Мәжіліс депутаты  Жигули Дайрабаев балаларына қатысты іске жауап берді, El.kz ақпараттық агенттігі. 

Әрине, еліміздің сотына баға бере алмаймын. Дегенмен, екі ұлымды да кінәлі деп есептемеймін. Бұл жөнінде адвокаттарымыздан да сұрасаңыздар болады, - деді Жигули Дайрабаев.

Ол қалай болғанда да өз мандатынан бас тартпайтынын айтты.

Бізге 700 мыңнан астам сайлаушы дауыс берді. Алдағы уақытта «Ауыл» партиясы қолға алған бағдарламалар бар, атқаратын мәселелер бар. Ол менің кету, кетпеуімде тұрған жоқ. Парламент қабырғасында жүріп еңбек еткенімде халыққа көп пайдасы тиеді, - деді депутат.

Ecкe сaла кетейік, Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары 550 миллионнан аса қаржы жымқырған деген айыппен сотталған еді. Кеше ҚР Пaрламенті Мәжіліcінің дeпутaты Aнac Бaққoжaев әріптecі Жигyли Дaйpaбaeвтың ұлдapынa қaтыcты іскe пікірін білдіpген болатын.

Ал Дайрабаевтың өзі "балаларын кінәлі деп есептемейді".

Жигули Дайрабаев 1954 жылы дүниеге келген. 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға