Жаңалықтар

"700 адам дәм татты". Роза Әлқожа ұлының тойын дүркіретіп өткізді

"700 адам дәм татты". Роза Әлқожа ұлының тойын дүркіретіп өткізді
Фото: Видеодан кадр 22.11.2023 10:18 3842

Танымал әнші Роза Әлқожа ұлы Бейбарыс Қабаны үйлендіріп, думандатып той жасады. Әнші тойда болған қызықты сәттерімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің айтуынша, тойға 500 адам келеді деп жоспарланған. Алайда, қонақтардың саны 700-ге жеткен. 

Ешкімнен ештеңе дәметпей, бергендерге береке тілеп, әкелгендерді сандыққа сүңгітпей, несібесі деп қарап неше күн тойлаттық. Беташарды бөлек, құдалықты үйде, тойды өз алдына жеке өткіздік. Жоспарланған бес жүз адамның орнынан жеті жүз адам дәм татты! Айтайын дегенім - мен өз уақытында өз ортасында жүре алмаған, көшке кеш қосылған өнерпазбын ғой. Беташарда асаба болатынын ойламапын. Әнші керегін де аңғармағанмын. Әбдіжаппар өзі іштей ұғынды-ау деймін, үнсіз бәрін реттеді. Тойда да нағашысының ниеті биледі. Мен өзім күткен екі әнші келмеді. Алланың бұйрығы деп "қолды жібере салғанмын!, - деп жазды Роза Әлқожа.

Осы орайда ол өзінің інісі Әбдіжаппар Әлқожаға алғысын білдірді.

Осы жазбамда арнайы ініме алғыс айтқым келді. Оның достарына рахмет! Ерлан Төлеутай, Сәуле Жанпейісова, Мирас аға мен Құралай әпке бастап, Заттыбек ағам қыздырған тойды Қайрат пен Төреғали, Ғазизхан мен Нұрболат көтеріп кетті. Алла разы болсын! Нұрбол Пайызов досым сөзден жаңылмай сауатты бастаған тойды Ерасыл мен Ертай көңілдендіріп, көркемдеп берді. Нұржан Аташ бастаған жігіттер өз тойында жүргендей қызметте болды. Үлкен мен ортаның ортасы кішінің қуанышын солай атқардық. Бар жанашыр, тілеулеске тәңір еселеп берсін, - деп жазды өнер иесі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Roza ӘЛҚОЖА (@roza_alqozha)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға