70 жастағы әйел егіз босанды
Фото: instagram.com/whifcug
Фото: instagram.com/whifcug
02.12.2023 16:39
4063
Угандада 70 жастағы әйел ЭКО бағдарламасы бойынша егіз босанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сәбилер Уганданың Кампал қаласындағы халықаралық әйелдер госпиталінде өмірге келді. Дәрігерлер әйелдің ұл мен қыз бала дүниеге әкелгенін айтты, ананың да, балалардың да жағдайы жақсы.
Әйел кесір тілігі жолымен босанған.
Клиника қызметкерлерінің мәліметінше, Сафина – осы жаста ана атанған Африкадағы ең кәрі әйел. Оның өзі ана бақытына ие болу үшін талай сыннан өткенін, ЭКО жасату үшін бар қаржысын жұмсағанын алға тартты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті